Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Жалығу


 

Ғаламатқа алданбайтын болғанбыз, 
Ғажайыпқа таң қалмайтын болғанбыз. 
Туыстықты аңғармайтын болғанбыз, 
Тыныштықты армандайтын болғанбыз. 

Мықтылардан қорықпайтын болғанбыз, 
Өсемін деп зорықпайтын болғанбыз. 
Баяғыдай адамдардан көңіл қап, 
Торықпайтын болғанбыз. 

Жынды адамды сынамайтын болғанбыз, 
Сау адамға ұнамайтын болғанбыз. 
Қасың өлсе қуанбайтын болғанбыз, 
Досың өлсе жыламайтын болғанбыз. 

Табиғатқа көнбейтұғын болғанбыз, 
Ақиқатқа сенбейтұғын болғанбыз. 
Қоғамың не, адамың не, құлың не, 
Құдайға да ермейтұғын болғанбыз. 

Күлер жерде күлмейтін де болғанбыз. 
Жүрер жерде жүрмейтін де болғанбыз. 
Бұл өмірде өлмейтін де болғанбыз... 
Бұл өмірді сүрмейтін де болғанбыз... 

Авторы: Дамир Әбенов

08 маусым 2019 ж. 767 0