Тау самалы таланттардың тынысын ашты
Қаратаудың бөктеріндегі «Тау самалы» тынығу лагерінде «НұрОтан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында дәстүрлі облыстық «Ақ көгершін» 3-ші облыстық әншілер байқауы мәреге жетті. Оған Қызылорда облысының барлық аудандарынан озып шыққан 6-13 жас аралығындағы жиырмадан астам әнші балалар бақтарын сынады.
Сегіз жастағы Жаңақорған ауданы Өзгент елді мекенінің оқушысы Нұрдана Сейтхан Иран-Ғайыптың «Ән қанатым» әнін орындап кең диапазондағы ғажайып үнімен көрермендерді баурап алды. Ал,Қазалы ауданынан келген Мадияр Серік халық әні «Ақбақайды» құйқылжыта орындағанда тыңдаушылардың көз алдына қазақтың кең байтақ даласы елестегендей болды. Барлық қатысушылардан мерейі үстем болған екеуіне Бас жүлделер берілді. Қазылар алқасы барлық қатысушыларды сый сияпатсыз қалдырмады. Бәрінен бұрын, әнішілікті сүйетін оқушыларға арналған осындай байқау барлығын, онда шынайы өнерімен озуға болатындығын қатысып байқаған балалардың «Тау самалымен» тыныстары ашылды.
Ескендір Ертай.