№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотының ұжымы балаларды төл мерекесімен құттықтады

Жаңақорған аудандық сотының ұжымы балаларды төл мерекесімен құттықтады


1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылы Парижде халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Бұл бастаманы БҰҰ дер кезінде қолдап содан бері кең көлемде аталып өтілуде. Яғни, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды басты бағыттарының біріне айналдырды. Әлемнің талай елінде бұл күн аталып өтіледі. Жыл өткен сайын бұл күннің өзектілігі артпаса кеміген емес. Қазақстанда 1 маусым күні балаларға ерекше назар аударылып, көптеген мәдени шаралар өткізіледі. Осы орайда аудандық сотта «Бар мейіріміміз балаларға» атты салтанатты іс шара өтті.
Іс-шараға аудандық соттың судьялары мен кеңсе қызметкерлері және олардың балалары қатысты.
Шараны аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева ашып, өз сөзінде адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын екенін айта келе, балаларды қорғау күні меркесімен құттықтап, ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі,  дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектестік білдірді
Шара барысында оқушылар «Отбасы-бақыт мекені», «Тәуелсіз елім Қазақстан», «Елім», «Туған жерім» тақырыптарына арналған шығарма жазудан, өлең-шумақ жолдарын оқудан және де сурет салудан сайысқа түсті.Шара соңында оқушылар аудандық сот ұжымы дайындаған мерекелік тәттілерден дәм татты. Мерекелік шараның куәгері болған балалардың жүздері қуанышты болып, ерекше көңіл күйде болды.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

                                                           Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
31 мамыр 2019 ж. 1 007 0