№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеңілдікті тұрғын үй ипотекасы кімге тиесілі?

Жеңілдікті тұрғын үй ипотекасы кімге тиесілі?


Қазақстандық көп балалы отбасыларына жеңілдікті тұрғын үй ипотекасы ұсынылады. Оның шарттары туралы ТКШ және құрылыс комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.

Комитет төрағасының айтуынша, Тұрғын үй жинақ банкі осы мақсатқа алдағы үш жылда 150 млрд. теңге, яғни жылына 50 млрд. теңгеден бөледі. Үш кезең бойынша 25 жылға арналған 56 мың несие беріледі. ТҮЖБ арқылы ресімдеушілерге 20 жылға арналған 2% несие, алғашқы жарнасы 10% бөлінеді. Жыл басынан бері 31700 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылары тұрғын үй кезегінде тұр.
Комитет басшысының хабарлауынша, алдағы 7 жылда кезекте тұрушыларға арналған 40 мың жалға берілетін пәтерлер салынады. Әсіресе, көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері мен «Батыр аналарға» бөлек арнайы алдыңғы кезекте берілетін жеңілдікті кезек қарастырылады. Оның сыртында көп балалы отбасыларына арналған тұрғын үй сертификаты беріледі. Қазіргі таңда сертификаттың Ережесі жасалуда.

08 мамыр 2019 ж. 1 107 0