№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2 проценттік ипотеканың шарттары қандай?

2 проценттік ипотеканың шарттары қандай?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілетін ипотеканың шарттарын жариялады, деп xабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«Аз қамтылған отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 20 жылға жеңілдетілген несие енгізіледі. Жылдық мөлшерлемесі 2% болады. Аталған несие келесі санаттар - төрт және одан көп баласы бар отбасыларға, мүгедек баласы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелейтін отбасыларға және кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасыларға беріледі. Екі жылда біз аталған санаттарға 22 мың жеңілдетілген займ беруді жоспарлап отырмыз», - деді Р.Скляр Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің сөзіне қарағанда, 22 мың ипотекаға үш жылдың ішінде республикалық бюджеттен 50 миллиард теңгеден бөлінетін болады.
Айта кетейік, кеше «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табысы төмен отбасыларға 2-3 процентпен баспана сатыл алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыру қажет. Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 процентпен тұрғын үй заемын беру тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.

28 ақпан 2019 ж. 989 0