№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЗАМАТТЫҚ борышқа адалдық

АЗАМАТТЫҚ борышқа адалдық


Елбасы жуырда әскери қызметшілер туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықта Заң баптарына сәйкес Қазақстан азаматтарын 2019 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қаулы етілді. Алайда, жастардың әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеуге құлқы кеміп бара жатқаны ойланарлық жайт. Осы орайда, ауылдағы жастарға тағы талдау жасап көрген едік.

Қаулыда: «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар ҚР-ның Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын» делінген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін делінген.
Сондықтан, алдымен аудандық қорғаныс істер бөлімінің былтырғы атқарған жұмысына бастасақ. Ол үшін бөлім бастығы Рамазан Назаровпен байланыстық.
– Былтыр Қызылорда облысының қорғаныс істер жөніндегі департаменті берген тапсырмасын 100 процентке орындадық. Мәселен, 2018 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша меже 94 болса біз ауданнан 96 азаматты әскер қатарына қостық. Биылғы көктемгі шақырудағы меже 95 деп көрсетілді. Жоспарды межелі орындаймыз, – деді Рамазан Оңласынұлы.
Енді, аудандағы әскерге шақыру пунктіне кестеге сай келуін мерзімінде қамтамасыз еткен және орындай алмаған ауылдық округтерді сараптап алсақ. Себебі, аудан басшысы ауыл әкімдері есебінде осы мәселені басты назарға алып, жеті негізгі критерийге қосуды тапсырды. Шыны керек, барлық ауылдар түгел орындай алмаса да, үлгі болатын ауылдар баршылық. Мәселен, бөлімдегі мәлімет бойынша былтыр Кейден, Аққорған, Сүттіқұдық ауылдары Сунақ ата мен Қаратөбе секілді елді-мекендерге үлгі болатын болады. Себебі, қос ауыл көштің соңында келеді.
Қаратөбе жастары күнкөріс қамымен Ресей елінде нәпақасын тауып жүрген көрінеді. Оларды да түсінуге болады, алайда, туған жердің топырағы қашанда ыстық емес пе? Осы жерде Бауыржан Момышұлының «алтын басты болсаң да, ардан артық емессің» дегені ойға еріксіз оралады.
– Қаңтар-наурыз айларында аудандық шақыру пунктінде 17 жасқа толған жасөспірімдерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, 18 жасқа толған жастарды әскерге шақыру наурыздан басталады. Осы орайда, болашақта офицер болғысы келетін мектеп бітірушілеріне әскери сала бойынша оқытылатын жоғары оқу орындары бар екенін еске сала кетейік, – деді бөлім бастығы.
Иә, келешегін әскери саламен байланыстырғысы келетін оқушыларға мынандай кеңес бере кетейік. Үміткерлер Астана, Алматы және Ақтөбе облысында орналасқан құрылық әскер институтына, Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына және осы секілді өзге де жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алады.
Ал, енді жастар неге әскерден бас тартады?
Оның негізгі себебі мынада: бірінші, жастар денсаулығының сыр беруінде, себебі қазір көп жастардың денсаулығы көңіл қуантарлық емес, дейді мамандар. Екінші, патриоттық рухтың кемшін қалуында болса, енді бірі тұрмыстық жағдаймен байланыстырады. Үшіншілері, ата-ананың ықпалынан аса алмайды. Өйткені қазір теледидардан әскердегі түрлі оқиғаларды көрген әке мен шеше әлпештеп отырған баласын қалай қатерге қисын. Міне, мәселе осында...
СӨЗ СОҢЫ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387 бабы бойынша әскерден жалтарғандар үшін жаза күшейтілгенін ескерте кетейік. Яғни, әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған жағдайда 1000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Демек, 1 982 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді, болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, өзінің денсаулығына зиян келтіру, жалған құжат жасау немесе өзге де әдісті қолданғандарға 3000 айлық есептік (5 946 000 теңге) көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Не болса да, елдің ертеңі үшін қызмет ететін азаматтардан қазақ жұрты үлкен үміт күтеді. Тәуелсіз мемлекеттің тірегі де, келешегі де, ертеңі мен болашағы да жастардың қолында емес пе? Сондықтан, азаматтық борышты өтеуде енжарлық танытпайық, жігіттер!

Әли ТЕМІРБЕК.


03 наурыз 2019 ж. 1 345 0