№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 528 отбасы әр бала үшін 21 мың теңгеден алды

528 отбасы әр бала үшін 21 мың теңгеден алды



Елімізде 84 287 отбасыға жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 9,4 миллиард теңге  ақша бөлінді деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау 1 сәуірден бастау алғаны баршаға белгілі. Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады екен.
Биыл атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 миллиард теңгеден астам қаржы көзделген.
Көпшілікке шешусіз сұрақ болып, талайдың талқысына түскен 21 мың теңге осы аптадан бастап беріліп жатыр. Мұны почта алдында ұзын-сонар кезекте тұрған көпбалалы аналардың қарасынан білдік. Жүздеріне қуаныш ұялап, баласына керегін алып беруді көздеген аналар қауымы бұл көмекке қол жеткізе алғаны үшін де қуанышты. Аналарды  сан ойға жүгірткен бұл сала жөнінде тереңнен білу үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Әбдіғанит Ахметовпен тілдестік.
  • Аудан бойынша 528 отбасыға  ақша бөлінді. Әр бала санына 21 мың теңгеден тиесілі. Жалпы, 110 млн. теңге біздің аудан аналарына бөлінді. Әлі де тиісті құжаттарды жіберіп жатырмыз. Бұл көмек мұнымен шектелген жоқ, қаржы тағы да бөлінетін болады, – деді сала басшысы.
Ханзада ДОШАН.
02 мамыр 2019 ж. 882 0