№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әр балаға 21 мың теңге: Вице-министр өтініштердің қашан және қайда қабылданатынын түсіндірді

Әр балаға 21 мың теңге: Вице-министр өтініштердің қашан және қайда қабылданатынын түсіндірді


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова әр балаға берілетін 21 мың теңге жәрдемақы алу үшін өтініштерді қабылдау қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.

Светлана Жақыпованың сөзінше, таяуда атаулы әлеуметтік көмек мәселелеріне қатысты жиналыс өткізіліп, министр арнайы тапсырмалар берген.
Өтініштерді әкімдіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, өңірлік еңбек және әлеуметтік қорғау департаменттері, жұмыспен қамту орталықтарында қабылдайды.
Өз сөзінде вице-министр 1 сәуірден бастап өтініш берудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Себебі қабылданған заңның күшіне енгенін күту керек, дейді.
Артынша соның негізінде министрдің бұйрығы бекітіледі. Ал құжаттар жергілікті атқарушы органдарға түскеннен кейін азаматтардың өтініштерін қабылдау басталады.
«Мен өзім бірнеше рет айттым, халыққа 1-нен бастап өтініш беріңіздер деп айтуға болмайды. Себебі заң енді ғана қабылданады. Аталған құжат 28 наурызда Сенаттың кеңейтілген отырысына шығарылады. Одан кейін Сенат мақұладап қолдаса, Елбасының қол қоюына жіберіледі. Ал қазіргі заңға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек өтінішті берген күннен емес, берген айдан бастап тағайындалады. Демек, азаматтар 15 сәуірде келе ме, 29 сәуірде келе ме, бәрібір атаулы әлеуметтік көмек оларға 1 сәуірден бастап тағайындалады. Осы норма сақтала береді», - дейді Жақыпова.
Сонымен қатар ол қазіргі уақытта министрдің арнайы бұйрықтары әзірленгенін айтты. Заң күшіне енгеннен кейін оларды тіркеу үшін Әділет министрлігіне, артынша өңірлерге жібереді. Оған дейін жергілікті атқарушы органдар қазақстандықтардың өтінішін қарай алмайды.
«Сондықтан 1 сәуірден барып, өтінішті қабылдауды талап етсе де, жергілікті атқарушы органдар оны қабылдай алмайды. Олардың барлығы бұйрықты күтеді. Елбасы заңға қол қойды ма, ертесінде бірден бұйрық тіркеуден өтуі керек. Біз бәрін дайындап қойдық. Жергілікті атқарушы органдар да бірден хабарын береді», - дейді вице-министр.
27 наурыз 2019 ж. 1 233 0