№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА БИЗНЕС ФОРУМ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА БИЗНЕС ФОРУМ ӨТТІ


Бүгін  М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттік жекешелік әріптестік – Бизнестің өрісті жолы» тақырыбында бизнес форум өтті. Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен семинарға облыстық кәсіпкерлік басқармасы, өңірдегі қаржылық институттар мен екінші деңгейлі банк өкілдері және кент, ауылдық округ әкімдері және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Форум барысында әкім жаппай кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жаңа бағдарлама «Қарапайым заттар экономикасы» жайлы аз-кем айтып өтті.
– Елімізде «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлініп, басым жобаларға жеілдетілген несие берудің бағдарламасы іске қосылды. «Қарапайым заттар экономикасы» деген ұғым азық-түлік, киім-кешек, құрылысқа қажетті құрал-жабдық сынды күнделікті тұрмыста аса қажет заттармен етене байланысты. Бір қарағанда экономикаға еселеп табыс әкелмейтіндей көрінгенімен, негізгі сұранысты осы «қарапайым заттар экономикасы» өтейді. Мемлекеттік қазынадан бөлінген 600 млрд теңгенің 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге бағытталмақ, – деді Ғалым Әміреев.
Мұнан кейін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде  жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын облыста іске асыруға қатысатын бірнеше банктің өкілдері түсіндірме жұмысын жүргізді. Алдағы уақытта қаржылай қолдауға нақты қалай жеткізетіндігі жөнінде мамыр айының 3-күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетін «Ашық есік» күнінде білуге болатынын жеткізді.
Алқалы семинардың толық нұсқасын аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің 3-мамырдағы шығатын санын оқи аласыздар.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ
30 сәуір 2019 ж. 862 0