№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ас үйге қажетті кеңес

Ас үйге қажетті кеңес

    

Қыз-келіншектердің көбісі үй жинап, ас әзірлеуге пысық болғанымен, ыдыс-аяққа аса мән бере бермейді. Әсіресе, шәй құятын шәйнектердің сыртына жабысқан май,тат сынды ластаушы дүниені жиі кетіріп отыруға бірінің еріншектігі ұстаса, енді бірі уақыт таппай, қалай кетіруді білмей шаршап жатады. Осындай проблемаларға көп уақыт бөлмей, аз күш салып-ақ кетіруге болатынын есте шығармаңыз! Олай болса, сізге төмендегі кеңестер көп көмек бере алады.
  1. Шәй құюға пайдаланатын шәугімді жиі жуып, тазалап тұрыңыз. Өйткені, оның ішінде су жиі қайнайтындықтан таттана береді. Ол үшін алдымен, шәйнекке аз су құйып, балқытып алмай, әбден бақылап, таты ерігенше жәй жағылған отта қайнату керек. 20 минутта қыздырылған қақтар босай бастайды. Аздап суыған соң, пышақ немес қазан қыруға арналған қырғыш арқылы қатты ысқылап татты түсіріп тастауға болады.
  2. Кішкентай шәугім. Ішіне қызыл шәй көп демдейтіндіктен, іші қарайып көзге оғаш көрінеді. Кішкене ас содасын салып, газда аздаған минут қайнатсаңыз шәйнегіңіз айнадай болып шыға келеді. Сыртын да осы әдіспен тазалап алуға болады.
  3. Егер қазан немесе жұмыртқа қуыратын табаңыздың сырты қарайып, май қатып, сан жылдар бойы кетпей келе жатса, оның шешімі оңай. Қазан мен табаны далаға кішкене шырпы жағып, күйдіріп алмай қыздыру керек. Оттың ыстығына босаған сан жылғы күйелер мен май бірден еріп шыға келеді. Шамалыдан соң, аса мұқияттылықпен пышақ  арқылы қырып, тазалап аласыз.
  4. Көршілермен ыдыс алмасқанда өзіңіздікі жоғалмасын десеңіз үйдегі тырнақ бояуға арналған лакпен белгі қойыңыз.
  5. Ет жұмсақ әрі дәмді болып, уылжып піссін десеңіз оттың астын өте баяу етіп, асықпай қайнатыңыз. Аса жоғары температурада қайнаған ет жеуге келместей қатты болып қалады.
  6. Тамағыңыз жылдам дайын болсын десеңіз, еттің орнына шекпе ет қосыңыз. Тез піседі әрі дәмдірек бола түседі.
  7. Күйеуіңіздің көңілін табу үшін асқазанына жол тартыңыз. Ол үшін күнделікті тамақтарды емес, арасында өзгеріс енгізіп бифштекс, қуырылған картоп таяқшалары, тай әдісі бойынша ет сияқты түрлі тағамдар дайындап тұрған жөн. Бұл біржағынан денсаулыққа пайдалы.
  8. Үйдің исінен майдың немесе өзге де жағымсыз иіс шықса, адыраспан тұтаңыз. Адыраспан – жаман иісті бірден жояды әрі тұмауды тазалауға, үйді аластауға көмегі зор.
  9. Балаңыз тамақты төгіп-шашып жейтін болса, арнайы үлкен төсеніш төсеп беріңіз. Ол шашылған соң, далаға апарып қағып келе саласыз. Үйді қайталап сыпырудың қажеті жоқ.
  10.  Бір күнде істейтін шаруаңызды таң атысымен-ақ жоспарлап алыңыз. Сонда уақытың зая кетпейді.    Мақсатқа қарай жұмыс жасауға дағдыланасыз.  Бала санын көбейтемін, жұбайымның көңілін табамын деп үй тіршілігімен отырған аруларымызға ақпаратымыз өз пайдасын тигізгей деп тілейміз..Бізбен бірге болыңыздар!
                
                                                                                 Дайындаған Ханым ТӨРЕХАН.
29 сәуір 2019 ж. 858 0