№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үйге арналған пайдалы кеңестер

Үйге арналған пайдалы кеңестер

✅ Тоңазытқыштағы ылғалды кетіру үшін ішіне тұз салынған ыдыс қою керек. 

✅ Болаттан жасалған қазанды жуғаннан кейін дереу құрғату керек. 

✅ Жарылған қолдар жатардан бұрын 10 минут жылы суға салынады. Сосын крем жағып, қолғап киіп жатады. 

✅ Ақ киімдер, ақ төсеніштер қайнататын суға бірнеше жұмыртқаның қабығын салса қардай аппақ болады. 

✅ Ыс дақтарын кетіру үшін дақтың үстіне лимонды сығып, тұз сеуіп, уқалап жуады. 

✅ Суреттердің қабырғаға із қалдырмауы үшін екеуінің арасына жұқа мата қойылады. 

✅ Миксерді тазалау үшін ыдыс жартысына дейін ұнтақты суға толтырылып, 5-10 секунд іске қосылады. Суын төгіп, тазалап кептіреді. 

✅ Пеш темірінің астына алюминді фольга салынса, төгілген нәрселер оңай тазаланады. 

✅ Бақыр заттарды тазалау үшін лимон және тұзбен ысқыланады. Күл де бұл заттарды жылтыратады. 

✅ Әйнектерді тазалау үшін сіркелі сумен сүртіледі. Дақ қалса судың ішіне біраз аммиак салынады. 

✅ Пісірілетін көкөністердің түсін жоғалтпау үшін алдымен мұзды суға салынады. 

✅ Үтіктің астын тазалау үшін аздап сірке суына батырылған мақтамен ысқылау керек. 

✅ Киім үтіктеуді оңай қылу үшін және үтіктеу уақытын қысқарту үшін, киім үтіктеу тақтайшасының қабының астына алюминьді фольга қойылады. 

✅ Кілемдегі күйік іздерін кетіру үшін құрғақтай егеуқұм (наждак) қағазымен ысқылап, артынша жуып алуға болады. 

✅ Қабырғаға шеге қағылатын орынға айқастырып скоч жабыстырылатын болса, сылақтың жарылуының алдын алады.
30 қазан 2018 ж. 1 069 0