№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жариялылықтың жарқын көрінісі

Жариялылықтың жарқын көрінісі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім – тарихи маңызы бар және мемлекет үшін аса жауапты, әрі өте қажет болып отыр. Себебі, қазіргідей жаһандану дәуірінде дамыған көштен қалмай, озық елдердің төріне озу тәуелсіз мемлекеттің басты мақсаты. Бұл – ортақ мүдде. Ал, оған жетудің жолы ел тыныштығы мен Елбасы саясатын жүйелі жүзеге асыру. Міне, сондықтан уақыт оздырмай жаңа Президентті сайлап алғанымыз жөн.
Мемлекет басшысы атап өткендей, әлемдегі ахуал қазір бұлыңғыр. Мұның бір ұшы біздің елдің қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Сондықтан шекарасы шегендеулі, егемен елдің бүгінгі жеткен жетістігін, әлеуметтік тұрақтылығын, әлемдік деңгейін сақтап қалу үшін Президентті сайлап алған дұрыс.
Біздің мемлекетіміз бүгінде әлемдік деңгейдегі өркениетке енген елдермен терезе теңестіріп, алға қарыштап келеді. Бұл – әрине, ең біріншіден Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ жылғы күрескерлігі мен сарабдал саясатының арқасында мүмкін болған жетістік. Еліміз мұнан әрі де осы жолмен дамып, өсіп-өркендей беретініне кәміл сенеміз. Сондықтан, алдағы сайлауға жауапкершілікпен қарап, жұмыла жұмыс жасауға шақырамын. Себебі, «Мәңгілік Ел болу – ортақ мүдде».

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған
аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

13 сәуір 2019 ж. 932 0