№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Асты сынама

Бірде Ібіліс Алла тағаланың әділдігін сынамақ болып:
– Уа, Алла, сен – әділетті шеберсің. Дүниеде бар заттың орнын белгіледің. Артық-кем етпедің. Әділдігіңде шек жоқ. Бірақ жерге қазық қағылғанда оның орнындағы топырақ қайда кетеді? – деп сұрайды. Алла тағала:
– Кімде-кім біреудің үйінде мейман болып, берген асын жемей тыжырынып, астамсыса, соның аузына құйылады, – дейді.
– Мейман риза болса ше?
– Онда қонаққа оң қабақ танытпаған үй иесінің аузына құйылады.
– Үйдің иесі де, қонақ та риза болса ше?
– Онда қазықтың орнындағы топырақ сенің аузыңа құйылады, – депті Құдай. Ібіліс аузынан қағынып, жүгіре жөнеліпті.
Содан бастап адам алдына келген асты сынап-мінемейтін болыпты.
Бұл оқиға желісі 2008 жылы болған бір оқиғада, расымен, хикаядағыдай өрбіген екен деседі.
Бағжан есімді діндар жігіт айналасындағы жұртқа:
– Қаралы үйден ас ішпеңдер. Асында белуардан келетін қан болады. Өлік шыққан шаңырақтан дәм татпаңдар, – деп ескертіп жүреді екен.
Бір күні ол марқұм болған бір кісінің қабірін қазуға барыпты. Түс мезгілі болса керек, марқұмның туыстары қабір басына ас апарып береді. Шағын дастарханда қабір қазушылар түстеніп алмақ болады. Бағжан:
– Қаралы үйдің асын жеуге болмайды, – деп насихатын қайта бастайды. Бірақ оны тыңдаған ешкім болмапты. Қарны ашқан жігіттер асқа бас қояды. Бағжан біразға дейін алдындағы асты сынап-мінеп отырыпты. Бір уақытты астың иісі мұрнын жарып, әбігерге түсіреді. Тамақ жемейін десе, қарны ашып барады. Жейін десе, алдында айтқан сөздері бар. Тізесін бүгіп, дастарханға жақындайды да:
– Жайрайды, жігіттер. Наннан үлкен емеспіз. Кішкене ауыз тиейін, – деп, бір жапырақ нанды аузына салғаны сол екен, баж ете қалыпты. Сөйтсе, нан арасында ара жүр екен. Ол Бағжанның тілін шағып алады. Не істерін білмей байбалам салады. Жігіттердің бірі:
– Тіліңді ара шақса, ісініп, өліп қаласың. Дереу аузыңа топырақ толтыр, ісігі қайтсын, – дейді. Бағжан жата қалып топырақ жұтады. Сол жолы Құдай сақтап, тілінің ісігі қайтыпты. Бірақ оқиғасы ел арасына күлкі болып тарайды. Кей кісілер Бағжанның топырақ жұтқанын Ібіліс пен Алла арасындағы әңгіменің бір мысалы деп түсіндіреді. Содан бастап Бағжан азалы үйдің асын сынамайтын болыпты.
 Отбасы хрестоматиясы фейсбук парақшасынан
18 сәуір 2019 ж. 886 0