№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гүлшара Әбдіқалықова көпбалалы ананың тұрғын үй мәселесін шешіп берді

Гүлшара Әбдіқалықова көпбалалы ананың тұрғын үй мәселесін шешіп берді

   Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобының Шымкентке сапары бүгін де жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".
ÐүлÑаÑа ÓбдÑÒалÑÒова ÐºÓ©Ð¿Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð°Ð½Ð°Ð½ÑÒ£ ÑÒ±ÑÒÑн үй мÓÑелеÑÑн ÑеÑÑп беÑдÑ

    Вице-премьер бастаған делегация М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де болып, студенттермен кездесті. Кездесуде Жастар жылында қолға алынған жұмыстар мен бекітілген шаралар, мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары сөз болды. Мұнан соң делегация «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына барып, «Алем БТ»ЖШС, «LuxShoes» бірлескен кәсіпорнында және «Бал текстиль» фабрикасының жұмыстарымен танысты. АЭА-да 13 жоба іске асқан. Инвестицияның жалпы құны - 29,5 млрд теңге.  Нәтижесінде 1396 жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 1227 жұмыс орны - көпбалалы отбасылар үшін, деп нақтылады аймақтың жауапты мамандары.

  Ал, «Қайнар» бизнес орталығында вице-премьер қаланың аудан әкімдерімен, әрі кәсіпорындар мен мекеме басшылары және кәсіпкерлермен, кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері турасында жиын өткізді.   Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік бағыттарды басымдыққа алу» тапсырмасын негізге ала отырып, қоғамда масылдыққа, енжарлыққа жол бермеу керектігіне тоқталды. Бизнес-қауымдастықтар мен кәсіпкерлерге тұрмысы төмен отбасыларға барынша көмек көрсету керектігін айтып, олардың түйткілді мәселелерін дер кезінде шешуде белсенді болуға шақырды.

  Осы күні Премьер-министрдің орынбасары, сондай-ақ, қалалық аймақтық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да барды. Мұнда емдеу-түзету жұмыстары әр келушінің сұранысына және қажеттілігіне қарай жасалады. Сонымен қатар, олардың ортаға бейімделуі, әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі. Жыл сайын орталықта 300 адам сауықтырылады.

  Гүлшара Әбдіқалықова жұмысымен танысқан «Самғау сенім» орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жандарға және адам саудасының құрбаны болғандарға, түрлі жағдайларда назарсыз қалғандарға көмек беріледі. Бүгінге дейін орталықта 227 адамға арнайы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілген.

  Вице-премьер Жұмыспен қамту орталығында да болды. Жыл басынан бері 5810 азаматқа қызмет көрсетілген. Оның ішінде 2437 адам тұрақты жұмысқа тұрғызылған. Және орталықтың мәліметінше 5430 бос жұмыс орындарына құжаттар қабылдануда. Г. Әбдіхалықова жұмысты жүйелеп, ширата түсуді тапсырды.

  Сондай-ақ, Үкімет басшысының орынбасары тұрмысы төмен, көпбалалы отбасының үйіне барды, жағдайымен танысып, сауалдарына жауап берді. Сапар соңында қоғамдық қабылдау өткізді. Оның барысында көпбалалы ана Әзиза Маманазарованың тұрғын үй мәселесі шешілді. 5 баласы бар ана мамыр айында көптен бергі арманына қол жеткізіп, баспаналы болмақ.  

11 сәуір 2019 ж. 790 0