ТРАКТОРШЫНЫҢ МАХАББАТЫ: ерекше той кортежі жүріп өтті
Түркістан облысында трактор жүргізушісі өзінің үйлену тойының кортежінде трактормен жүріп өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".

"Басында ескі көлікпен шығамын деген ойым бар еді. "Москвичтерді" іздестірдім, бірақ таппадым. Сөйтіп трактормен жүру туралы ойымды айтқанда елдер күле қарады. Олай болмайды ғой, деп қарсылық білдірген. Ондай нәрсе болмаған деген де болатын. Кейіннен бәрі мені қолдап тракторларын сәндеп, ауылды аралап, ауылдың балалары алдымыздан шығып, мәре-сәре болып жатты", - дейді өз тойын ерекше үлгіде өткізген Дархан.
Дарханның өзі тракторист, МТЗ-80 маркалы тракторы бар. Ауылдағы барша тракторшылар Дарханның бұл идеясын қолдай кетіп, жастардың тойына өздерінің де үлестерін қосуға атсалысыпты. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған.
