ІІМ 10 мыңнан аса қызметкерді қысқартпақ

Ашық НҚА сайтында жарияланған жобаның түсіндірме жазбасында оның ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру мақсатында әзірленгені көрсетілген.
Жоба қабылданған жағдайда, ІІМ штаты 10 592 қызметкерге қысқарады. Олардың 8 983-і полиция қызметкерлері болса, 1 609-ы қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері.
Қазіргі уақытта ІІМ-нің штат құрамының лимиті 159 мың қызметкерді құрайды. Жоба қабылданып, жүзеге асырылғаннан кейін ол 149 мыңға дейін қысқарады.
"Жобаны қабылдау нәтижесінде үнемделген қаржылай қаражат.
2019 жылғы 1 шілдеден бастап, полиция және ҚАЖ аттестатталған қызметкерлердің лауазымдық жалақысын көтеруге бағытталатын болады", - делінеді түсіндірме жазбада.
Құжатта жобаның биылғы жылдың 24 сәуіріне дейін талқылауда болатыны көрсетілген.