Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

МАҚСАТТЫ МЕЖЕ


Президенттің халық тұрмысы сапасын арттыруға бағытталған Жолдауымен танысып шықтым. Дәстүрлі Жолдауда қазіргі жаһандық үрдіс жағдайында сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің басты кепілі – адамның даму мәселесі болып отыр. Құнды құжатта «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет» деп, қордаланған мәселені тап басып айтқан. Жаңа реформа 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жүзеге асырылуы үшін, Үкімет пен Президент Әкімшілігіне Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын қабылдау жөнінде пәрмен берді. Әсіресе, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керектігі құптарлық бастама. Бүгінде әскери арнаулы дайындықтан өтпеген, «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін» жылпос пиғылдағы азаматтар да полиция қызметіне өте беретін болды. Тағы бір айта кетерлігі, тікелей қылмысқа қарсы күресетін бөлімше қызметкерлерінің жалақысы өзге бөлімдегілерге қарағанда жоғары көтерілгені дұрыс болар еді. Бір сөзбен айтқанда, бағдарламалық құжатта айтылған басым бағыттарды қолдап, қуаттаймыз.

Жасұзақ АМАНБАЙҰЛЫ,
ҚР Ішкі істер министрлігінің «Құрметті ардагері»:
09 қазан 2018 ж. 847 0