№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазаннан бастап полиция қызметкерлері аттестаттаудан өтеді

Қазаннан бастап полиция қызметкерлері аттестаттаудан өтеді


Қазаннан бастап полиция қызметкерлері аттестаттаудан өтеді

Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 2019 жылғы 1 қазанда басталады. ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды. Жарлықтың толық мәтіні төменде келтірілген: ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды 2019 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев    

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 сәуір      
02 сәуір 2019 ж. 1 378 0