Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Біртанов қай дәрігерлердің жалақысы артатынын айтты

Біртанов қай дәрігерлердің жалақысы артатынын айтты

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында биылғы жылдың жазында денсаулық сақтау саласындағы қай қызметкерлердің жалақысы артатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.
Министр учаскелік дәрігерлер ауруларды басқару бағдарламасы бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін, 2019 жылдың басынан бері 36 мың учаскелік медициналық қызметкердің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға арттыру қарастырылғанын айтты. Ол үшін бюджеттен 5,3 миллиард теңге қарастырылып отырған көрінеді.
Біртановтың сөзінше, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 2019 жылдың 1 мамырына дейін 2019-2020 жылдарға арналған Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша жол картасын бекітуі тиіс.
Құжатта АМСК нысандарының құрылысы, толық жөндеуі мен жабдықталуы, жаңа учаскелердің ашылуы, медициналық кадрлармен жасақталуы мен АМСК дәрігерлерінің жүктемесін бекітілген елді мекен бойынша 1 700 адамға дейін төмендету қаралуы керек.
Сонымен қатар 2019 жылдың 1 маусымынан бастап денсаулық сақтау саласындағы төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыру керектігі айтылды.
02 сәуір 2019 ж. 1 777 0