№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қажетсіз құжат, тауық пен жиһазды есептеу. Сапарбаев АӘК туралы сұрақтарға жауап берді

Қажетсіз құжат, тауық пен жиһазды есептеу. Сапарбаев АӘК туралы сұрақтарға жауап берді


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында атаулы әлеуметтік көмек төңірегіндегі халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.

– Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін уақытша немесе тұрақты тіркеу қажет. Ал тіркеуге мүмкіндігі жоқтар не істейді?
– АӘК тіркеу үшін сол жерде тұрақты тұруы тиіс. Олар тұрақты Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болса, онда біздің жұмыспен қамту орталықтары арқылы қаладағы оңалту орталықтары бар, сол жерге барып уақытша тіркелулері керек. Тиісті құжаттарды жұмыспен қамту орталықтары қабылдайды. Табыстарына сәйкес оларға АӘК тағайындалады.
– Әлеуметтік желіде көпбалалы аналардың өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарында таңнан кешке дейін кезекке тұрып, АӘК алуға тіркеле алмай жүргені түсірілген видео тарап кетті. Құжаттарға қатысты «мынаны әкеліңдер, басқасын әкеліңдер» деген сияқты проблема болып жатыр. Осы мәселені қалай шешесіздер?
– Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше жұмыспен қамту орталықтарында болдым. Өкінішке қарай, алғашқы он күнде кезек болды. Біз халыққа қаншама рет бәріне бірдей бір күнде барудың керегі жоқтығын түсіндірдік. Бір ай ішінде құжат қабылдау жүреді. Қажетсіз құжаттарды талап етуге байланысты айтар болсам, өкінішке қарай, біз оларға жеке куәлік қана талап етіледі деп қаншама рет айтсақ та, сондай қызметкерлер бар. Орталықтарға барған кезде осындай жағдайды өз көзімізбен көрдік. Қазір орталық басшылары мен әкімдіктерге қажетсіз құжаттарды талап етпесін деп тапсырма бердік.
– Сенат депутаттары үкімет сағатын өткізіп, зейнетақыны қосуға, азаматтарды тіркеу мәселесіне, қорадағы мал, қосымша жееке шаруашылыққа қатысты халықтың біраз ұсынысын халықтың атынан айтқаны белгілі. Осыған қатысты нақтылық бар ма? Әйтпесе көбіне бастапқы заңда жазылмаса жергілікті билік өзінің құжаттарында шаш ал десе бас алатыны анық. Табыс пен шығын қалай есептеледі?
– АӘК байланысты негізгі заң, министрлік бұйрықтары қабылданды. Сенаттағы 13 наурызда болған жиналыстағы ұсыныстарды зерттеп жатырмыз. Біраз ұсыныстар қазірдің өзінде ескерілді. Төрт табысты алып тастадық. Елбасы қабылдағанда бағдарлама он жылдық, кезең-кезеңімен іске асырылып отырады деп айтқан болатын. Жеке қожалықтарындағы малдың басы, басқа да табыстар жөнінде заңға сәйкес жергілікті билікке мүдде берілген. Олар өздері қарау керек. Сиырдан, қойдан табыс бар ма, жоқ па есептеу керек. Шығыны мен кірісінің айырмашылығында табыс болатын болса есептеледі, табыс болмаса есептелмейді.

Оның өзінің базалары, нормативтері бар. Бір сиырға кететін шығын, оның шөбі бар, суы бар, қарауы бар, басқасы деген сияқты. Дәл сондай ол сиырдан түсетін пайда бар. Үкіметпен бекітілген, сондай нормативті құжат бар.Зейнетақыны алып тастауды келешекте қараймыз.
– Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 5 баласы бар аналар көпбалалы санатына жатады. Ал «Нұр Отан» съезінде 4 баласы бар әйел көпбалалы ана саналады деген норманы қайтару туралы айтылды. Заңнамалық актілер әзірленіп жатыр ма? Парламентке қашан ұсынасыздар?
– Министрлікпен құжат әзірленіп жатыр. Соған қарамастан 1 сәуірден бастап өзгерістер болмаса да, отбасының әр мүшесінің табысына байланысты, яғни әр балаға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Жақын арада Парламентке енгіземіз.
– Қызметкерлер атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететіндерге оны бермеудің жолын табады. Картоп қанша қабы бар, соған қарайды. Егер 2 қап картобыңыз болса, 2 тауық болса алмайсыз дейді.
– Әртүрлі себептерге байланысты АӘК тағайындамай қою деген жоқ. Бюрократия бар, жасырмаймын. Екі қап картопқа келер болсақ, қандай табыс, шығын болуы тиіс екені жазылған норматив бар. Жергілікті билік осыны есептейді. Олар жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. ХҚКО өз адамдарымызды отырғыздық. Олар АӘК жөнінде ғана емес, барлық әлеуметтік сұрақтарға жауап береді.
– Отбасында кімдердің табыстары есептеледі? Туыстарының да табыстарын есептеп жатқан жағдайлар кездесіп жатыр.
– Туыстарына қатысты, егер олармен ата-анасы, бауырлары тұратын болса немересі болса, солар есептеледі. Қалғандары есептелмейді.
– Жамбыл обылсы, Ұзынағаш ауданы тұрғындары айтып жатыр. Келіп үйіндегі шкаф, диван бәрін есептеген.
– Жергілікті жерлердің шығарып жатқан өзіндік ерекшеліктері болар, олай болмауы керек. Сонда қалай есептелетіні жазылған. Бірақ ол жерде ең үлкен нәрсе шығынды есептеу керек. Ұсыныстардың бәрін ескере келе өзгерістер енгіземіз. Несие есептеледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҰЭМ, біздің министрлікпен бірігіп малы, табысы жөнінде арнайы қабылданған қаулысы бар. Мысалы, бір сиырдан қанша табыс түседі, қанша шығын кетеді соны анықтайды. Негізі жергілікті әкімшіліктер анықтауы керек.

Назерке АБИБУЛЛА
09 сәуір 2019 ж. 868 0