№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Көпбалалыларға көмек керек": Сапарбаев кәсіпкерлерге өтініш айтты

"Көпбалалыларға көмек керек": Сапарбаев кәсіпкерлерге өтініш айтты

   Бүгінгі Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қазақстандық кәсіпкерлерден көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешу үшін көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісіне сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" газеті.

«ÐөпбалалÑлаÑÒа көмек кеÑек»: СапаÑбаев кÓÑÑпкеÑлеÑге Ó©ÑÑнÑÑ Ð°Ð¹ÑÑÑ
   "Қазіргі таңда мемлекетімізде 340 мыңнан астам көпбалалы аналар өмір сүруде. Енді оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектердің ең біріншісі, ол әлеуметтік көмек. Биылғы жылдың жоспарында 83 миллиард теңге 820 мыңнан астам адамды қамти алады", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
Оның сөзінше, мемлекетімізде көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған жаңа жұмыс орындары ашылған.
"Бірінші тоқсанда елімізде 32 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 9 мыңға жуығы осы көпбалалы аналарға арналған. Келесі, осы аналарды әлеуметтік қолдауда пәтермен қамтамасыз ету. Жоспар бойынша, жылына 6 мыңға жуық жалдамалы пәтер, оған қосымша 6 мыңға жуық ТҮҚЖБ арқылы жеңілдетілген заеммен 19-21 жылдардағы берілетін үйлер. Жалпы, осы 7 жылдың ішінде ең кемінде 40 мыңға жуық жалдамалы пәтер берілуі керек. Оған қосымша 3 жылдың ішінде ТҮҚЖБ арқылы жеңілдетілген заеммен ең кем дегенде 18 мың пәтер берілуі тиіс. Осының барлығын есептеген кезде осы мерзімде 54 мың пәтер берілуі керек, оның 12 мыңы биыл берілуі қажет", - деді Сапарбаев.
  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі сондай-ақ, көпбалалы отбасылардың мәселесін шешуге кәсіпорындар мен кәсіпкерлік құрылымдарды тарту керектігін алға тартып, кәсіпкерлерге өтініш айтты.
"Енді осы тұрғын үй мәселесін шешуде кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді тарту. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы 2008 жылы Жезқазған қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілік жөнінде форум өткізген кезде, барлық кәсіпорын, кәсіпкерлік құрылымға тапсырма берген болатын. Олар - біздің тек экономикалық емес, әлеуметтік те әріптестеріміз.
Сондықтан, олар енді қазіргі таңда мемлекеттен үлкен қолдау алып отыр. Мемлекеттің арқасында өздерінің кәсіпорындарын, кәсіптерін дамытып отыр. Сондықтан, олар енді кейбір қазіргі таңдағы мемлекетімізде бар әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуі керек. Ол бір жағынан сол кәсіпорын, кәсіпкерлер үшін үлкен абырой, бедел. Келешекте өздерінің кәсіптерін дамытуға үлкен көмек көрсетеді", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.


09 сәуір 2019 ж. 801 0