№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сексендегі көзәйнексіз оқырман

Сексендегі көзәйнексіз оқырман


Қашан көрсеңіз де ас үстелінің бір жақ бұрышындағы қаттап жиналған газеттерді шетінен алып, көзілдіріксіз асықпай, шұқшиып оқып отырған сексендегі Кәрібай Қошқарбаевты көргенде, сүйсінесіз. Актер Досхан Жолжақсынов егде кісілерді үшке бөледі. Ақсақал, қария, шал.
Ақсақал – аузы дуалы, өзі баталы, сыйлы кісі. Қария ешнәрсеге араласпай, өзімен-өзі отыратын, момын жан. Шал – қазан-ошаққа араласып, бала-шағадан сөз естіп, сонда да өзінің сөзін өңмендеп, елдің ығырын шығаратын пенде. Кәрекең осының екіншісіне жатады. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Сыр бойы», «Жаңақорған тынысы» газеттерін жаздыртып алдыртады.
– «Тасқа басылғанның аты – тасқа басылған. Ойыма бірнәрсе түскенде, жауабын қаттап қойған газеттерімнің арасынан табамын. Бір жаманы – өзіміздің поштаның қызметкерлері газеттерді көп кешіктіріп жеткізеді. Бәрін топтап бір-ақ келеді. Әйтпесе, жұрт жиі айтып жүрген «газеттің беделі түсіп барады» деген пікірге мен қосылмаймын. Қазіргі жастар мен балаларға қарным ашады. Бәрін тек интернеттен іздейді. Кітап, газет оқымайды. Бұл сауатсыздықтың төте жолы», – дейді Кәрібай Қошқарбаев.
Бірлік ауылында құрылыс саласында қырық жылдан астам еңбек етіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, қазір немерелерінің қызығын көріп отырған қария әлі тың.

Иса БЕРКІМБАЙ.
06 сәуір 2019 ж. 1 232 0