Бұл – менің «Екпіндіден» бері сүйікті газетім!
Мұхаммедәлі Әлайдаров,
ардагер – ұстаз, Бірлік ауылы.
Бұл – менің «Екпіндіден» бері сүйікті газетім. Үзбей оқып келемін.
Саяси басылымның кеңес үкіметі кезіндегі жоба-жоспарлары өз алдына аудандық үнжарияның кешегі тоқырау кезеңдегі тұралап қалған ахуалын Алмас аяғынан тік тұрғыза білді десек, Қаныбек мазмұнын байытып, бет-бейнесін құлпырта түсті. Газеттің шығармашылық ұжымы осы бағыттарынан танбай жаңа тынысымен таныла берсін дегім келеді.
Бас басылым «Егемен Қазақстан» бастап, облыстық және аудандық төл басылымымызды асыға күтеміз. Пошта қызметі біздің осы ынтызар тілегімізді жықпай, газетті уақтылы жеткізіп тұрса құба-құп. Жүрегіме жақын осы басылымдарға биыл тағы жазылып отырмын. Сайттан да оқуға болады. Десек те қолмен ұстап, тасқа басылған таңбадан алатын жан ләззатының жөні бөлек. Газет қызметкерлеріне айтарым, жазарларыңыз таусылмасын.