№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Манап езу жидырмайтын

Манап езу жидырмайтын


Манаптың әзіл-қалжыңға жақын, сын-сынаққа бүйрегінің бұрып тұратыны бала кезіндегі жазғандарынан-ақ аңғарылып тұр.
Манаптың тілі-уытты, өткір. Ақиқатын айтып, жалғандықтың бет-пердесін сыпыруға келгенде кеңшілікке жоқ, кемшілікке төзбейтін турашылдығы басым. Оның «Сыбағаның сыры», «Жеңгейдің жанжалы» өлеңдерінде жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың дүниеқұмарлық пен көрсеқызарлықтың кісіліктің құнын көк тиын етер құйтырқы қылықтар қапысыз көз алдыңызға келеді. «Өсек-аяң», «Ызыңдайды шыбындай», «Сатып алған дерт» шымшымалары да күнделікті өмірде, тұрмыс-тіршілікте кездесіп жүрген жағымсыз әрекеттер мен кемшіліктерді өткір сынға алады.
Манаптың ұлы Әбдікерім «Манап шығармашылдығын тереңнен зерттеушілер оның тағы бір қыры – әңгімешілдігіне басым мән беріп, ел аузындағы ерекше оқиғаларды қаттап, қағазға түсіруде қапы қалмасақ болар еді» деген ізгі ескертпесін әр-әр жерде айтып жүр. Ол кісінің керемет әңгімешілдігі, басынан өткен бір оқиғаны неше рет әңгімелесе, сонша рет құлпыртып, тыңдаушының құмарын қандырар, езуі жиылмайтындай әзілмен әрлеп, жүрген ортасын гүлге айналдыратын әпенді қылығы аз болмаған.
– Әкемнің бір әңгімесін естіп едім. Нұрман деген досына әйел алып беру хикаясы. Осыны әкем төрт жерде айтып бергенінде жанында болдым. Жаңа естіп тұрғандай алған әсерім бөлек. Біреулер ішегі түйіліп, сыртқа шығып кетіп жатыр. Бұл шеберлік қой. Әкемнің осы бір қыры көлеңкеде қалып келеді, – деген ол осындай бір-екі мысалдан келтіре кетті:
«Мәкеңді бір күні поезға шығарып салып тұрмыз. Сексенінші жылғы айтыстан кейін. Купенің алдында екеуміз оңаша тұрғанбыз. Жігіттер жолға алған сәлем-сауқаттарын әкеліп, қойып жатыр. Бөтелкелер сыңғырлап кетті ме, Мәкең бұрылып жаратпағанын білдіріп, жөнін сұрады.
– Мәке, минеральный ғой, – деді бір жігіт. Сонда Мәкең: «Байқаңдар, минеральный дегендерін генеральный болып жүрмесін» дегені бар.
Бір жолы мәдениеттің қызметкерлері «Ленин» атындағы бөлімшеден Жаңақорғанға қайтып келе жатады. Машина үстінде дуылдап ән салып келе жатқандар «Сонда сен мені есіңе а – а – ал», дей бергенде көліктері тасқа соғып, бір жамбастап аударылып кетеді. Жапырылып жерге құлағандар арасында Мәкең де үсті-басын қаққыштап, жан-жағына қараса, құдай сақтап бәрі аман тәрізді. Сонда Мәкең әлгі әуеннің жалғасымен:
«Есенгелдінің есі бар, арақ ішіп алмаса тасқа соғып несі бар», – деп әндетіпті. «Қызықсыз, Мәке, жұрт қырылып қала жаздап жатқанда сіз әндетесіз, – деп шыж-быж боп күйгелектенген бастығы Әбілтай Сүлейменовке: «Ау, енді тірі болған соң, әндетеміз де, өліп жатсақ әндету қайда».
25 қыркүйек 2018 ж. 1 267 0