Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиялары Қызылорда облысының Шиелі жәнеҚармақшы аудандарында өтеді

Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиялары Қызылорда облысының Шиелі жәнеҚармақшы аудандарында өтеді

2019 жылғы 5 сәуірде, 15.00 сағатта Шиелі ауданы Шиелі кенті Мәдениет үйінде Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтеді.

«Тарихитаңдау. Бастау», «Тарихитаңдау. Өрлеу», «Елбасымәртебесі – ел мәртебесі» және «Атамекен» тақырыптықэкскурсиялары «Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы аясында өткізіледі.
 Экскурсияға келушілерге Н.Ә.Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер, архивтік құжаттар және жәдігерлерден тұратын бірегей материалдар кешені ұсынылады.
2019 жылғы 6 сәуірде, 14.00 сағатта осындай экскурсия Қармақшы ауданы тұрғындары үшін ұйымдастырылады. Елбасы кітапханасының тақырыптық экскурсиялары Жосалы кенті Мәдениет үйінде өтеді.
Көшпелі тақырыптық экскурсиялар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме ауқымды жобасының бір бөлімі болып табылады. Жобаның басты оқиғасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсететін қор көрмесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы2017 жылғы қарашадан бастап жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында көрме Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында ұйымдастырылып, оны 730 мыңнан астам адам тамашалады.
04 сәуір 2019 ж. 675 0