Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "Қазақстан аруы-2019" іріктеу кезеңіне 75 миллион теңге жұмсалған (Видео)

"Қазақстан аруы-2019" іріктеу кезеңіне 75 миллион теңге жұмсалған (Видео)

"Қазақстан аруы-2019" іріктеу кезеңіне 75 миллион теңге жұмсалған, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" газеті.

Қазақстанда туризмді дамытуға бөлінген қаражат "Қазақстан аруы-2019" байқауын өткізуге жұмсалған. Бұл туралы Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан айтты.
Айтуынша, туристік инвестициялық форум ұйымдастырылып, 5 меморандум бекітуге бөлінген 75 миллион теңге сұлулық байқауының тек іріктеу кезеңіне кеткен.
"Бұл Туризм индустриясы комитетінің қаражатты дұрыс ұйымдастырмағаны салдарынан болған. Елдің туристік әлеуетін арттырып, шетелдік және отандық инвесторлардың, барлығы 250 адам қатысуы тиіс форумдар болмаған. Оның орнына туризмге қатысы жоқ "Қазақстан аруы" байқауының іріктеуін ұйымдастырған", - дейді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан.

29 наурыз 2019 ж. 888 0