» ӘЧ-2020: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ КІМДЕР?

ӘЧ-2020: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ КІМДЕР?

2020 жылы Литвада өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіне дайындық басталып кетті. Қазақстан өз тобында Румыния мен Голландия және Албанияға қарсылас атанды, – деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz тілшісі  PROSPROTS.KZ сайтына сілтеме жасап.
Іріктеу сыны 2019 жылдың 22-27 қазан күндері Румынияда өткізіледі. Бесінші топқа тап болған Қазақстан құрамасы үшін келер жылғы доп додасы үшінші сынақ болғалы тұр. Осыған дейін екі рет финалдық кезеңде өнер көрсеткен біздің жігіттер осы жолы барын салатын болады. Команда құрамы жаңартылды, тәжірбиелі ойыншылар және жастар қатарға қосылды. 
Үлкен футболдан қол жеткізе алмаған жеңіске кішіфутболдан жетерміз деген сенім де, үміт те бар. Ең бастысы, қолдау көрсетейік, қалғаны уақыт еншісінде. 
---
06 ақпан 2019 ж. 730 0