Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған «Жаңақорған тынысы» газеті.

"Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада. 
Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы - СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
1994 жылдан 2008 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Үндістан мен Әзірбайжандағы елшіліктің хатшысы, СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, сондай-ақ Сингапурдағы кеңесші-уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді.
2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.
2009-2016 жылдар аралығында СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-елші, кейіннен СІМ ТМД департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2016 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.


28 наурыз 2019 ж. 954 0