№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандық ақ халаттылардың жалақысы бірінші шілдеден бастап қаншаға өседі?

Қазақстандық ақ халаттылардың жалақысы бірінші шілдеден бастап қаншаға өседі?

"Нұр Отан" партиясының съезінде Нұрсұлтан Назарбаев жалақысы төмен бюджеттік қызметкерлердің айлықтарын бірінші шілдеден бастап көтеруді тапсырды. Бұл медицина қызметкерлеріне де қатысты. Терапевт, акушер және онколог дәрігерлері қандай жалақы алатынын KAZ.NUR.KZ хабарлайды деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жалпы еліміздің жалақысы төмен 255 мың қызметкердің айлығы көтеріледі. Олардың арасында дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері және басқа да қызметкерлер бар.
Алғашқы медициналық-санитарлық қызметкерлердің, яғни жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт және педиатрдың жалақысы қазір 116 782 теңгені құраса, бірінші шілдеден бастап бұл сома 151 816 теңгеге дейін көтеріледі.
Акушер-гинеколог, педиатр мен неонатологтардың жалақысы - 106 164 теңге. Бірінші шілдеден бастап жалақылары - 138 013 теңгеге жететін болады.
Жедел жәрдем дәрігерлері мен анестезиолог-реаниматологтар қазір 100 945 мың теңге жалақы алады, олардың айлықтары бірінші шілдеден бастап 131 229 теңге болмақ.
Кіші санаттағы қызметкерлердің жалақысы 48 861 теңгеден 64 520 теңгеге дейін жетсе, орта буын қызметкерлерінің жалақысы 76 395-нан 99 313 теңгеге дейін көбейіді.
01 наурыз 2019 ж. 1 586 0