«DIGITAL AGENT» мобильдік қосымшасы таныстырылды
2019 жылғы 19 наурызда Өңірлік коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғ.Ілкібаевтың қатысуымен «Digital agent» мобильдік қосымшасын таныстыру жөнінде баспасөз брифингі өткізілді.
«Digital agent» мобильдік қосымшасы Агенттіктің бастамасымен 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.
Мобильдік қосымшаның артықшылығы – қызмет алушылар сол мезетте мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, орын алған кемшіліктерге, қызметкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады.
Қазіргі таңда мобильдік қосымша арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтары, ҚР Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің аумақтық бөлімшелерімен көрсетілген қызметтердің сапасына баға беру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта сот органдары, әкімдіктер мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі органдары қосылуы күтілуде.
Бүгінгі таңда, аймақта «Digital agent» мобильдік қосымшасы арқылы 300-ден астам азамат қызмет берушілердің жұмысына баға берген.