№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Республикалық арнайы мониторингтік топ Сыр елінде

Республикалық арнайы мониторингтік топ Сыр елінде


2018 жылғы 20-21 сәуір күндері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділіктеріне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысына талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған республикалық арнайы мониторингтік топ Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды.
Республикалық арнайы мониторингтік топ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсететін облыс орталығындағы бірқатар мекемелер мен орталықтарда, атап айтқанда, №3 қалалық емханада, Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында, құқық қорғау қызметтері орталығында, қалалық жер қатынастары, қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімдері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіп,әкімшілік кедергілерсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру керектігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, республикалық топ Қызылорда облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығының және өңірімізде алғашқы құрылған ІТ-Парктің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, облыстық мекемелер үйі ғимаратында республикалық арнайы мониторингтік топ облыстық арнайы мониторингтік топ құрамыменатқарылған жұмыстармен танысып, облыстық әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен мемлкеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг ұйымдастырылды.
Республикалық арнайы мониторингтік топ құрамына топ жетекшісі Соловьева Айгүл Сағадибекқызы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жасыл экономика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің мүшесі Абенов Мұрат Абдуламитұлы, «Экспо&Women» халықаралық ұйымының директоры Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызы, қолөнер шебері, этнодизайнер Тұрсынзада Ырза, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы халықаралық ұйымының қызметкері Қанатбаев Архат Болатұлы жәнеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Бердалин Арман, Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Байсалов Мұрат, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Смағұлов Дидар енгізілген.
Республикалық топ Байқоңыр қаласы мен Сырдария аудандарында жұмыс сапарын жалғастырды.
26 сәуір 2018 ж. 1 251 0