№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапарбаев: Жәрдемақыны есептегенде сиырдан түсетін табысты есепке алмауы мүмкін

Сапарбаев: Жәрдемақыны есептегенде сиырдан түсетін табысты есепке алмауы мүмкін

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнамаға сәйкес, әкімдіктер жалпы кірісті есептегенде қосалқы шаруашылықтың табысын ескермеуге құқылы.

Ауыл тұрғындарына әлеуметтік жеңілдіктер беру кезінде жеке қосымша шаруашылық табысы ескерілмейді, деп жазады Stan.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.
«Егер бір үйде үш немесе төрт отбасы тұратын болса, онда әрбір отбасының жаңа ережелерге сәйкес табысы есепке алынады. Өткен жылы жиынтық табысты есептегенде қосалқы шаруашылық есепке алынды, жалпы кірісті есептеген кезде қосалқы шаруашылықтан түскен кірісті есептемеген жөн», - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев үкіметтік сағатта.
Бұған дейін сенатор Сәрсенбай Еңсегенов бұл мәселе жөнінде сұрақ қойған еді.
«Мысалы, сиыр бар, оны асырау керек, шөп сатып алу керек, жалпы табысты есептегенде, қосалқы шаруашылықты ескеру керек пе?». - деп сұрады депутат.
Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнамаға сәйкес, әкімдіктер жалпы кірісті есептегенде қосалқы шаруашылықтың табысын ескермеуге құқылы.

19 наурыз 2019 ж. 691 0