№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Осы әділетті ме?": Жақыпова 21 мың теңге мен қорадағы мал туралы айтты

"Осы әділетті ме?": Жақыпова 21 мың теңге мен қорадағы мал туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова отбасының жиынтық табысын есептеген кезде жеке шаруашылықты есепке алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.

"Шаруашылыққа қатысты сауалдар жиі қойылады. Негізі атаулы әлеуметтік көмек туралы заңның 7 бабында жергілікті атқарушы органдар жеке шаруашылықты кіріс деп санау-санамауды өздері шешетіні көрсетілген. Олардың сондай құқығы бар", - деді Жақыпова мәжіліс кулуарында.
Вице-министр қазір тек қана бір өңірдің қорадағы малды санамайтынын айтты. Ол алдағы уақытта мәселелер қайта қаралып, негізгі шешімдердің қабылданатын алға тартты.
Сонымен қатар, Жақыпова қорадағы малды отбасының кірісі деп есептеу қаншалықты дұрыс деген сауалға сиыр ұстайтын екі көршіні мысал етіп, жауап берді.
"Мәселен, екі көршіні алайық. Біреуі 20 сиыр ұстайды, балаларына етін жегізіп, сүтін ішкізіп асырап отыр.
Ал қасындағы көршісі сиырлары жоқ, оны сатып алуға жағдайы да жоқ. Бірақ жәрдемақы тағайындаған кезде, екеуі де сол көмекке ілігеді.
Бірнеше сиыр ұстайтын отбасы да балаларына 21 мың теңге алады, бірде-бір сиыры жоқ көршісі де дәл сондай жәрдемақы алады. Сонда айтыңызшы, осы әділетті ме?", - деді вице-министр.
13 наурыз 2019 ж. 1 281 0