№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨЛЕҢКЕЛІ КӘСІПКЕ ТЫЙЫМ КЕРЕК

КӨЛЕҢКЕЛІ КӘСІПКЕ ТЫЙЫМ КЕРЕК

  Сыр өңірі 2018-2020 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жариялап, аймақтағы кәсіпкерлік бағытына көбірек басымдық беруде. Әрине, бұл қуанарлық жағдай. Дегенмен, көлеңкелі экономиканың көлемі азаймай тұрғаны тағы бар. Әсіресе, салық төлеуден жалтару, лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату және басқа да заңсыз әрекеттер жиі орын алуда. Бұл біздің ауданға да қатысты. Сондықтан, жыл басынан бері Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады.

Қызылорда облысы бойынша Мем­лекеттік кірістер Департаменті мен аудан әкімінің іс-шарасына сәйкес алдымен бірнеше рет кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Содан кейін жауапты мамандар рейдке шығып, заңсыз саудамен айналысып жүрген тұрғындарға айыппұл салуға мәжбүр болды. Шарап, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзғандар айып­пұлға ілінеді.
Сондай-ақ, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқандар да қатаң тәртіпке шақыртылады.
– Шыны керек, қазір аудан көлемінде заңсыз сауда, яғни салық төлеуден жалтарып, кірістер басқармасына тіркел­мейтіндер көп. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сату да үлкен мәселе тудырып жатқаны жасырын емес. Көбінде арнайы рұқсат қағазы жоқ. Сондықтан, берілген тапсырма арқылы кәсіпкерлерге айыппұл төлетуге құқылымыз, – деді бөлім басшысы Талғат Қалдыбаев.
Алғашқы күнгі рейдке біз де шық­тық. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалынан да бір қызметкер бізбен ілесті. Алдымен, дүкендерді аралап, кейіннен кафелерді тексеріп шықтық. Арнайы тексеру туралы рұқсат қағазымен таныстырған салық мамандары дүкендерді тексеріп шықты.
Бір сағаттық рейдте айыппұл екі кәсіпкерге салынды. Бірі – арнайы кассалы аппараты болмағандықтан, екіншісі – заңсыз алкоголь өнімін сатқаны үшін сынға ілінді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 283-бап, 1-тармағы бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және 463-бап арқылы 15 АЕК бойынша құжат толтырылып, айыппұл төлеуге міндеттелді.
Біздің бір түсінгеніміз, салыққа саудагерлер әлі де немқұрайлықпен қарайтын тәрізді. Ал, ішімдікті біржолата тыйым салу әзірге мүмкін нәрсе емес. Осы орайда, арақсыз ауыл еске еріксіз оралады. Үлгі ретінде айтатын болсақ, Өзгент деген ауылда мүлде арақ сатылмайды екен. Расында, үлгі тұтарлық жайт...
Қазір технологияның дамыған дәуірі. Ішімдік сатуға рұқсатты да электронды нұсқада алуға болады екен. Яғни, ұялы телефоныңызға арнайы құрылғыны орна­­тып алып сол арқылы өтініш толтырасыз. Толық мән-жайды арнайы мамандар түсіндіріп береді. Сондай-ақ, сала мамандары алып сатарларға темекі сатып алуда абай болуға шақырады. Яғни, темекінің де заңсыз қолданыста жүретін түрлері кездеседі екен. Оның да айыппұлы алкогольдан кем емес.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік кірістер басқарма­сының мамандары рейд жұмысын алдағы уақытта кең көлемде жүргізуді жоспарлап отыр. Мүмкіндігінше саудамен айналысатын тұрғындар арнайы кассалы аппарат пен лицензия алуға тырысқан жөн. Себебі, әзірге басқарма жылы шырай танытып жүр. Заң бәріне ортақ...

Әлібек ТЕМІРБЕК.
12 наурыз 2019 ж. 963 0