№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ IX ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ IX ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен мектеп және колледж оқушыларының Қазақстан Республикасының IX қысқы Спартакиадасы аяқталды. 

9 күнге созылған Спартакиадада 9 спорт түрінен 10 спорттық іс-шарада 588 медаль, 54 кубок, 642 диплом сарапқа салынды. 
Дүбірлі додаға еліміздің барлық аймағынан 1273 оқушы өнер көрсетті. Спартакиадада командалық есепте бас жүлдені Қостанай өңірі еншіледі. Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласы екінші және үшінші орындарды иеленсе, ал келесі орындар мына өңірдің командаларына бұйырды: 
4 орын- Шығыс Қазақстан облысы
5 орын-Ақмола облысы
6 орын-Батыс Қазақстан облысы
7 орын-Павлодар облысы
8 орын-Алматы қаласы
9 орын-Қарағанды облысы
10 орын-Ақтөбе облысы
11 орын-Алматы облысы
12 орын-Атырау облысы
13 орын- Маңғыстау облысы
14 орын- Шымкент қаласы
15 орын- Қызылорда облысы
16 орын- Жамбыл облысы

Спартакиаданың жабылу салтанаты Щучье қаласындағы «Жақсы 2» спорт кешенінде өтті. 
Ауқымды іс-шараға ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры, «ҚР Құрметті спорт қайраткері» Садық Мұстафаев, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакоз Дүйсенова және тағы да басқа ресми тұлғалар қатысты. 
Намысты доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, Республикалық іс-шараны жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға, оқытушылар мен жаттықтырушыларға Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинованың грамотасын, ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» алғыс хаты мен естелік медалі табысталды.

Мерекелік іс-шара соңында белсенді студенттер өз өнерлерін көрсетіп, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ұлттық Дене Тәрбиесі Орталығы.
12 наурыз 2019 ж. 917 0