№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨЗІНЕ СЕНГЕН ӨРГЕ ШЫҒАДЫ

ӨЗІНЕ СЕНГЕН ӨРГЕ ШЫҒАДЫ


Қандай қоғамның болмасын алға қарай серпінді дамуында ерік-жігердің белсенділігі шешуші рөл атқарады. Келешегіне жарқын жоспар қүра білген әрбір тұлға мақсаткерлік бітім-болмысымен көш бастаса керек.

Кеше өткен Nur Otan партиясының кезекті съезінде алдағы онжылдықтың перспективаларын айқындап берген Мемлекет басшысының ауылды өркендеудің ошағына айналдыру бағытында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын бекітуге байлам жасауы біздерге – ауыл азаматтарына жауапты жүк арқалатып отыр. Бұл орайда болашағы зор, табиғи ресурстарға бай өңірлерді игеруге инвестиция көлемі артып, тірек механизмдеріне мейлінше жан бітіреді деген сөз. Президент жаңа бағдарлама 2019-2021 жылдары аралығында жүзеге асатынын атап өтті. Бүл үшін бюджеттен 90 млрд теңге бөлінбек. Бұл өз кезегінде ауылдағы жастардың өз туған жерінен кетпей, сол жерде қызмет етуіне жол ашатынын жеткізді.
Бір сөзбен айтқанда, өзгерістер өлшемі – өркениетте, десек те ол өз өңін әрлеп, ұдайы демеп, дәулет дәрежесін еселеп отырар ауылдағы ұсынықты шаруаның тиянақты тірлігіне тәуелді. Сондықтан да тірек ауылдарда талапты бастамаларға бөлінер қаржы еселене түспек.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар ашу, тұрғын үйлер салу, соңғы үлгідегі коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту ауыл тынысын жандандырумен қатар бұл ортаға болашағы жоқ елді мекендерден тұрғылықты халықтың қоныс аударуына да жағдай қалыптастырады.
Жалпы, ауылдың тұрмыстық ахуалын көтеру, оған жаңа тыныс, кең серпін беру – басты міндет. Өйткені, ауыл – барша азаматтың темірқазығына айналған құтты мекен. Ауыл – тамылжыған табиғаттың жауһары, түп тарихтың асыл қазынасы, береке-бірліктің бастауы. Жоғарыда айтқандай, ауылдағы ағайынның «Ауыл – ел бесігі» жобасынан күтер үміті көп. Өйткені, Президенттің айтқан бастамасы жүзеге асса, ауылдың әлеуметтік ортасы жаңғырып, өңірдегі еңбекке қатысты идеология алға ілгерілері айқын. Осы тұста, «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» деген Бейімбет Майлиннің сөзі еріксіз еске түседі. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүгін бір елдің құтты мекені.
Иә, тұрғылықты жер жағдайымыз қазірдің өзінде қала халқымен деңгейлес. Осы әлеуетті төмендетпеу барлық сала қызметкерлерінің міндеті.

Серік АБДУЛЛАЕВ,
аудандық мәслихат депутаты.

03 наурыз 2019 ж. 910 0