№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨКПАРДЫҢ ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙЕДІ

КӨКПАРДЫҢ ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙЕДІ

Биыл ауданның ұлттық ат спорты түрлерінің құрылғанына он жыл толды. Осы уақыт аралығында Сыр өңірінің намысын қорғап жүрген көкпаршылар Республикалық аламандарда үздік үштіктен көрініп жүр. Аудараспақ, теңге ілу мен жамбы атудан да жеңіс тұғырынан түскен емес. Енді көкпаршылар биылдан бастап жаңа ереже бойынша додаға түсетін болады. Сөздің төркінін осыдан бастасақ.

Жуырда Астанада 11 мемлекет қатысқан халықаралық форум өтті. Онда көкпарды дамыту және танымалдылығын арттыру мақсатында ережелеріне өзгерістер енгізді. Мәселен, қазандық алынып, оның орнына көкпар алаңына «мәре салым» сызылады. Оған көкпаршылар мен аттардың жарақатын азайту себеп болған. Сондай-ақ, серке союға өзге елдер қарсылық білдіріп, жасанды серке (мулияж) жасау ұсынылды. Енді ересектер – 30-35 келі, жастар – 25-30 келі және жасөспірімдер – 20-25 келілік жасанды серкені тартатын болады. Футболдағыдай ойын ережесін бұзсаңыз ескерту аласыз. Мәселен, қарсыластың атын әдейі қағып кетсеңіз ескерту алып, тіпті, ойыннан шығып кетуіңіз де мүмкін. Әлемдік ұлттық ат спорты түрлерінің Президенті болып сайланған Қайрат Сатыбалды өзгерістерге толық келісіп, ережесін бекітті. Енді Азия және Әлем чемпионатына іріктеу ойындары жоспарлы өткізіле бастайды.
Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған орай, жастар арасында тұңғыш рет Азия чемпионаты Алматыда өтеді. «Ұлы Дала Рухы» тақырыбында ұйымдастырылатын аламанға жеті елден ұсыныс түсті. Қазақстан құрамасы бұл сынға дайындықты бастамас бұрын, алдымен құраманы жаңартуды көздеп отыр. Сондықтан, 14-22 наурыз аралығында Жаңақорған топырағында жастар арасында ел чемпионаты жалауын көтереді.
– Айтулы доданы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырғалы жатырмыз. Жігіттердің дайындығы жақсы. Бас жүлдені алудан үміттіміз. Фавориттер қатарында Шымкент қаласы, Жамбыл облысы да бар, – деді білікті бапкер Ислам Боранбаев.
Оның сөзінше, осы ел біріншілігінде Азия чемпионатына баратын ұлттық құрама сапы жасақталмақ. Үздік өнер көрсетіп, көзге түскендер құрама сапына алынады. Қазірдің өзінде алты жаңақорғандық шабандоз ұлттық құраманың белді мүшесі. Нұрлыбек Асқаров, Бақдәулет Ғаниұлы, Абылайхан Қалмағанбетұлы, Данияр Садуақас, Нұрберген Тәжімағанбет сынды саңлақтардан ел үлкен үміт күтеді.
2014 және 2016 жылғы чемпионатта Сыр өңірінің жастар құрамасы күмісті олжалады. 2018 жылы Павлодарда өткен біріншілікте үздік үштіктен көрінді. Биыл алтыннан үміттіміз.
Ендігі кезекте ересектерге тоқталсақ. Сәуір айында Қазақстан чемпионаты Алматыда өтеді. Мықтылар іріктеліп, қыркүйек айында Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына баруға мүмкіндік алады. Қазірдің өзінде Жаңақорғаннан Наурызқожа Әмзеев, Асхат Мырзагелдиев және Нұрлыбек Асқаров ұлттық құраманы толықтыруда.
– Жалпы, біздің жігіттердің көрсеткіші жаман емес. Команда – «Қайсар» деп аталады. Ал, ауданаралық жарыстарда «Сейхун» деген атаумен өнер көрсетеміз. 12 жыл ішінде облыстық додада 2 рет күміс, он рет алтын алдық. Ендігі меже, осы тұғырды ел біріншілігінде қайталасақ, – деді ұлттық ат спортынан облыс құрамасының жаттықтырушысы Ислам Боранбаев.
Жасөспірімдердің де аяқалысы жаман емес. «Ат тұяғын тай басар» демекші, жас буыннан да ұлттық құрамада өнер көрсетіп жүрген алты оғлан бар. Олар маусым айында Алматыда өтетін ел біріншілігінде бақ сынайтын болады.
Айтпақшы, теңге ілу, жамбы ату мен аударыспақтан да мерейіміз үстем. Мәселен, аудараспақтан Бердібек Жорабектің өзі осы уақытқа дейін екі алтын, бір күмісті қанжығасына байлады.
Жас көкпаршылар қаржылай қолдау тапса, алтын тұғыр біздікі...
Шыны керек, елдің әрбір аймағында ұлттық ат спортынан кәсіби тұрғыда дайындайтын клуб бар, тек Сыр өңірінде ғана жоқ екен. Осыған қарамастан біздің жігіттер жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Жасөспірімдер арасында облыс орталығында ғана мектеп ашылғанымен, ол да жастарды кәсіби шыңдауға мүмкіншілік бермейді екен.
– Бізге 8 ат алуға «Рухани жаңғыру» орталығы 4 млн. теңгеге жуық қаржы берген болатын. Енді бізге жетіспейтіні дайындалатын арнайы орын болса. Әр ауылда өтетін дайындық шеберлікті шыңдауға қауқарсыз. Себебі, стандартқа сай келмейді, күрделі жөндеу болса. Әрі жастардың әлеуетін көтеру үшін оларға да қол ұшын созатын аға буын болса, – деп өтінішін жеткізді көкпаршы.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
23 ақпан 2019 ж. 1 012 0