№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық мәселесі: қайта өңдеуге мән беретін кез келді...

Тазалық мәселесі: қайта өңдеуге мән беретін кез келді...

Ресми дерек көздеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 5 млн. астам тұрмыстық қалдықтар қоқыс алаңына тасталып, соның 9 пайызы ғана өңделеді екен. Осыдан-ақ қоршаған ортаға тигізетін зиянымызды бағамдауға болады. Сондықтан, Мемлекет басшысы Жолдауда өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін аясын кеңейтіп, тұрмыстық қаттықалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеуді жолға қоюды тапсырды.

Қазір қалдықтарды жою, қайта өңдеу арқылы кәдеге жарату бағытында шағын зауыттар іске қосыла бастады. Әйтсе де, қоқысты сұрыптау ісі бір жүйеге түсе қойған жоқ. Жан-жақты қолдау тетіктері де қалыптасты дей алмаймыз. Бұл – тұрмыстық заттарды өңдеу ісінің өріс алуында дем бере алмайтыны белгілі. Дегенмен, жаңақорғандық Нұрлан Садуақасов осы саланы дамытуға ниетті. Әрі талпынысы көпке үлгі. Былтырдан бастап қатты қалдықтарды жинап Шымкенттегі зауытқа өткізуді бастаған кәсіп иесі алдымен оларды сүзгіден өткізіп, әр қалдықты бөліп-бөліп жөнелтуді қолға алыпты. Біз кәсіпкердің берекелі бастамасын көзбен көріп қайттық. Себебі, тазалық мәселесі біздің ауданда да өте өзекті...

Әлем қайда, біз қайда?
Алдымен, әлем тәжірбиесінен бастасақ. Дамыған отыздыққа енудің басты құралы – бәсекеге қабылетті ұлт қалыптастыру. Яғни, шағын және орта бизнесі дамыған, өңдеу өнеркәсібі қалыптасқанда ғана көшке ілесе аламыз. Алайда, тазалық мәдениеті маңызды орын алады. Осыны ескерген дамыған елдер бүгінде тазалыққа мән беріп, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ісін қолға ала бастады. Мәселен, Швеция, Франция мен Италия сынды мемлекеттердің кейбір қалалары «пластикалық пакеттер мен бөтелкелерден» бас тартып, орама қағаздарға көше бастады. Себебі, пластикалық заттардың зияны өте көп.
Данияның тәжірибесінде де елеулі. Бұл елде 1994 жылдан бері пластик құты мен пакетті шектеген. Алдымен мәдениетті жолмен. Яғни, өндірушілердің экологиялық сауатын ашу арқылы. Сосын қаржылық жолмен. Яғни, сатушыларға пластик ыдыс пен пакет үшін салық салу арқылы. Осындай жолмен тұрмыстық қатты қалдықтарды 90 пайызға төмендеткен. Енді Даниядан табиғи процесте 400 жылдай уақытта толық жойылатын пластик пакеттер мен құтыны табу қиын.
Қаламгер Қайнар Олжайдың жазуынша, ағылшындар да поллителен мен пластиктен жасалған тұрмыстық қатты заттарды шектеудің жолын тапқан. Олардың кейбір супермаркеттері мен дүкендер желісінде «Бізге өз дорбаларыңызбен келіңіздер!» деген әлеуметтік жарнамалар ілінген екен.
Ал, Қытайда кәріздің шойын қақпағын ұрлай бергендіктен құтылардың ауызын пластикпен тығындауды жолға қойыпты. Кейбір елдер қатты қалдықтарды жинап, қолданысқа енгізу үшін зауыттарды іске қоса бастады. Мәселен, Өзбекстанда пластик құтыларды өңдеу ісі жолға қойылған. Олар көбіне қайта балқытып, көкөніс пен жеміс салатын жәшіктер шығарады. Себебі, ағаш пен темір жәшіктерден пластиктен жасалған жәшіктер қолдануға ыңғайлы. Осы себепті, сұранысы да жоғары. Сол секілді Қытай темірден түйін түйсе, филиппиндіктер полителенген пакеттер мен ыдыс құтылардан қайық жасап, туристтерге ақылы қызмет көрсетіп, нәпақасын тауып отыр. Ал, Мексика пластиктік тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып, үйлер тұрғыза бастапты. Міне, әлем елдері зиянды заттарды қажеттілікке икемдеп, тазалыққа мән беріп жатыр. Тағы бірі қайта өңдеп, қолданысқа енгізуде. Мұның бәрі түптеп келгенде қоршаған ортадағы тепе-теңдік заңдылығын сақтап, әлемді экологиялық апаттан қорғап, адам денсаулығына оң әсерін тигізері анық.

Нұрлан Садуақасовтың талпынысы
Былтырдан бастап аудан орталығында тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын «Нұр-Шах» цехы пайда болды. Нұрлан Шәмшідінұлының қанша жылғы жоспарынан туындаған қоқыс жинайтын орынға күннен-күнге сұраныс артып келеді.
– Бұл кәсіпті ашудағы басты мақсат – аудан экологиясын зиянды қалдықтардан тазарту, яғни, тұрмыстық қатты заттарды өңдеп, тазалықтың сақталуына үлес қосу. Екіншіден, жаңақорғандықтарды қосымша табыспен қамтамасыз ету. Егер мүмкіндік болып, әкімдіктік тарапынан қолдау тапса контейнерлерді көбейтіп, қосымша жұмыс күшін қосқым бар, – деп әңгімесін бастады.
Қазір екі қызметкері бар жұмыс орнында жұмыс қыза түскен. Біз қызмет орнына барғанда жаңақорғандықтардың қарасы көп екен. Демек, сұраныс бар кәсіпкерлікке қолдау берілсе, өз-өзін ақтайтыны ақиқат...
– Қазір кенттегі «Айсұлу-2» секілді тойханалар мен «Байкен-U» секілді мекелермен келісім-шарт жасастық. Алайда кент әкімдігінен ешбір қолдау болмай тұрғаны қынжылтады. Кент әкіміне ұсынған шартта төрт секторға бөліп, жоба қарастырылған. Ең алдымен, халыққа түсіндірме жұмысын жүргізсек дейміз. Әйтпесе, арада алыпсатарлар аз емес, – деді кәсіпкер.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен Нұрлан Шәмшідінұлы 3 млн. теңге несие алып, плассмасса қораптар мен құты-ыдыстарды престейтін станоктар, арнайы таразы алады. Қазір жұмыс істеп тұр. Яғни, қайта өңдеу арқылы әжетхана қағаздарын, құмды-полимер брусчатка және т.б. өндіруді қолға алмақ.
Айтпақшы, қалдықтардан пұл айырғыңыз келсе Шонабаев №26 үйіне (қазіргі «Қаз Пром» мекемесіне қарама-қарсы жерде контейнерге) барып, өткізуге болады.
– Біз әзірге халықтан ұсыныс күтіп отырмыз. Әлеуметтік желі арқылы да сауал жолдап, ойларын білгіміз келеді. Көбісі «таксимен» алып келу қалтаға жүк дейді. Сондықтан, тасымалдау жұмысын қолға алуды да жоспарлап отырмыз. Бұйыртса берекелі кәсіпке құт қонса, алдағы уақытта қайта өңдеу құрал-сайманын алып келуге ниеттіміз. Ол уақыт еншісінде, әзірге барға қанағат, – деді кәсіпкер.
Сөз соңы. Африка құрылығындағы Занзибар мемлекеті арқылы басқа елдерге тасымалданатын жүктің арасында міндетті түрде пластик пакеттер болған. Африканың ортаңқол мемлекеті тұрғындарының денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында транзиттік тасымалдан бас тартады. Мемлекет ай сайын бюджетке түсетін 400 000 доллардан қағылады. Бірақ, маңыздысы ол емес. Ұрпақтың саулығын ойлаған ел шешімге өкінбейді, қайта мақтан тұтады. Алайда, кімде-кім сол пакеттерді заңсыз тасымалдаса немесе өндірсе 2 мың доллар айыппұл төлейді, ондай болмағанда кем дегенде түрмеге бір жылға тоғытылады.
...Нұрлан Шәмшідінұлының ісі өрге басса, ең алдымен ауданға тазалығы жөнге келетіні ақиқат...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

22 қаңтар 2019 ж. 1 195 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 04:57
Viagra Usare Propecia Kvinder buy generic cialis online Viagra Ansiolitico Per Giovani Viagra Vente QuСЂВ bec

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 08:31
4rx Priligy Pharmacy Online Without Prescription Buy Now Flagyl Cheap Online where to buy cialis online safely Where Sells Genuine Clomid In The Uk