№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР ЖЫЛЫ – ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

ЖАСТАР ЖЫЛЫ – ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Астанада «Нұр әлем» көрме кешенінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің Аkorda.kz ресми сайты.

Қазақстан Президенті іс-шара алдында жастардың киімдер, спортшыларға арналған тағамдар өндірісі мен интерактивті қызмет көрсету платформаларын құру жөніндегі бірқатар жобаларымен танысып, Үкіметке бұл бастамаларды жүзеге асыруды және ілгерілетуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті.
– Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларының өзектілігін атап өтіп, бұл мәселені шешу үшін тұрақты кіріс болу керектігін, сондай-ақ, адамның жақсы тұрмысының негізгі көзі – жұмыс екенін айтты.
– Өткен жылы Қазақстанда орта мектепті 125 мыңнан астам жас түлек бітіріп шықты. Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түспек. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9 пайызы оқуға және еңбекке тартылмаған. Бұл санатқа жататын жастардың санын азайтуға септігін тигізетін тиімді шаралар қабылдау қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев техни­калық және кәсіби білім беру жүйесін сапалы дамытудың негізгі басымдықтарына арнайы тоқталды.
– «100/200» қағидаты негізінде «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу қажет. Үш жыл ішінде бұл жоба еліміздің барлық өңірі бойынша 200 мыңға жуық жас азаматты қамтитын болады. Осы жоба аясында жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау іске асырылады. Сондай-ақ, Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырамын. Жалпы, үш жыл ішінде 300 мыңға жуық жастарымыз бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Кем дегенде 80 мың адам немесе олардың төрттен бірі өз кәсібін бастап, ел экономикасына елеулі үлес қосатын болады. Осындай арнайы білім алған мамандар нарыққа дайын стартаптар мен өнімдер ұсынуға тиіс. Бітіруші курстардағы 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет.
Үкіметке бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары 32,1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Елбасы бизнеспен айналысамын деген ынталы жастарға мемлекеттік қолдау шараларын жасау керектігін атап өтті.
– Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды. Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн. Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалалардың 43 мың тұрғынын оқытып шығарды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осыған байланысты жоба аясында жұмыс істеп жатқан адамдардың 95 проценті бюджетке салық төлеуде, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Президент барша жастарды өздерінің әлеуетін белсенді жүзеге асыруға, мүмкіндіктерін барынша пайдалануға, заманауи білім алып, күннен-күнге шыңдала түсуге шақырды.
Соңында Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл жас қазақстандықтарды қол жетімді әрі сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және отбасын құру жөніндегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейтін нақты қолдау шараларын қамтуға тиіс.

26 қаңтар 2019 ж. 1 026 0