Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Теміржол саласыныңжолаушылар тасымалындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бақылауға алынды

Теміржол саласыныңжолаушылар тасымалындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бақылауға алынды

Қазіргі уақытта әлемдік проблемалардың бірі болған - сыбайласжемқорлық сынды індеттің мемлекет экономикасының дамуынакеріәсерін тигізетіні айдан анық.


Экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №986 жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды.
Стратегияның мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Соңғы жылдары қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты нөлдік деңгейге жеткізу бағытында елімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда.
2018 жылы тамыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Жасалған келісім аясында «Адал жол» жобалық кеңсесі құрылды. Кеңсенің мақсаты - жолаушылар тасымалының тиісті жұмыс жасауын, халықтың теміржол көлігінде көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және билетсіз жолаушылар мен қосалқы көмекшілерді анықтау,сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған.
Бұл мақсатта облыста құзырлы мекеме өкілдерінің қатысуымен арнайы жобалық топ құрылып, 2018 жылдың қыркүйек - желтоқсан айлары арасында жолаушылар пойыздарында 18 рет рейд жүргізілді.
Рейдтер барысында пойызға билетсіз мінген 25 жолаушы және әртүрлі 75 техникалық кемшіліктер анықталып, жолсеріктерге қатысты 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, «Жасырын сатып алушы» тәсілі арқылы арнайы мониторингтік топ мүшелерін тарта отырып, жол жүру билетінің болмаған кезінде жолсеріктердің жолаушылармен арадағы қатынасына, жолсеріктердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жан-жақты саралау мақсатында талдау жұмыстары жүргізілген болатын.
Талдау жұмыстарын жүргізу кезінде Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалында жолаушылар пойызына билетсіз мінгізіп жіберуді «кәсіпке»айналдырған қосалқы көмекшінің, яғни «делдалдың» кез-келген жолаушылар пойызымен келісіп, жолаушыны ешбір әбіржусіз, барар жеріне жеткізетініне кепілдік беретінін айтқан. Аталған дерек бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральды желі бөлімшесі» филиалы және аймақтағы теміржол саласындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелердің қатысуымен мәжіліс өткізіліп, жолаушылардың билетсіз жол жүруін тоқтату және алыпсатарлардың, қосалқы көмекшілердің «қызметіне» тосқауыл қою жөнінде тапсырмалар берілді.
Жобалық топ жұмыс жағдайын, лауазымын теріс пайдаланушыларды анықтау және олардың арам пиғылдарының жолдарын кесу бағытында жұмыстарды жүргізе беретін болады.
Дегенмен де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс екендігін естен шығармаған абзал.

Нұғыман Жақұдаев,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы.
25 қаңтар 2019 ж. 621 0