№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда бірқатар меморгандар кадрлық процестерін автоматтандырды

Қазақстанда бірқатар меморгандар кадрлық процестерін автоматтандырды

  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кадрлық іс-қағаздарды онлайн режимде жүргізетін жобаны таныстырды, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті  ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ÒазаÒÑÑанда бÑÑÒаÑÐ°Ñ Ð¼ÐµÐ¼Ð¾ÑÐ³Ð°Ð½Ð´Ð°Ñ ÐºÐ°Ð´ÑлÑÒ Ð¿ÑоÑеÑÑеÑÑн авÑомаÑÑандÑÑдÑ
  Аталған жұмыстар «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге аспақ.

  «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауында мемлекеттік органдардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға тапсырма берді. Өткен жылы агенттік бірыңғай автоматтандырылған персоналды басқару қызметін құру жөніндегі жобаны іске қосты. Яғни, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы кадрлық іс-қағаздарды жүргізу онлайн режимге ауыстырылды», - делінген ресми хабарламада.
  Агенттіктің хабарлауынша, қағаз құжат айналымынан бас тарту және техникалық функцияларды автоматтандыру қызметкерлерді басқаруды орталықтандыруға мүмкіндік берді.
  «Біздің басты жетістігіміз - шығындарды азайтып, процестерді стандарттадық және еңбек тиімділігін жақсарттық. Болашақта еңбекақыны аудару да сол жүйеге біріктіріледі. Әзірге жобаға Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана, Шығыс Қазақстан әкімдіктері мен Атырау облысының бір ауданы қосылды», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

18 қаңтар 2019 ж. 753 0