№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елбасы Бесінші Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Елбасы Бесінші Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Жиынға Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов, Қорғаныс министрі С.Жасұзақов және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Басқосуда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға және өзге де келісімдерге қол қоюға әзірлік барысы талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі қарастырылды. – Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық. Сарапшыларымыз шетелдік әріптестерімен бірлесіп, ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Түрікменстанда халықаралық Аралды құтқару қорын құрушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтеді. Біз соған қатысуымыз керек, – деді Қазақстан Президенті. Кеңесте Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Бесінші Каспий саммитіне дайындық барысы жөніндегі есебі тыңдалды.
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН.
05 тамыз 2018 ж. 1 229 0