«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗЕДІ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗЕДІ

 2019 жылдың алғашқы жұмыс күні аудан әкімі Ғалым Әміреев қоғам белсенділерін қабылдап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
 – 2018 жыл – жетістіктері мол, табысы зор, мерейлі де мерекелі жыл болды. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік даму жолына түсті. Құрылыс қарқыны үдей түсті. Ауылшаруашылығы саласында жүйелі жұмыстар бар. Мұнын бәрі жұмыспен қамту мәселесіне оң ықпал етті, – деді аудан басшысы.
  Бүгінде аудан әкімінің шағын және орта бизнес саласындағы серпінді жұмыстарын кәсіпкерлер сезіне бастады. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер саны артып, жергілікті тауар түрлері пайда бола бастады. Инновациялық жобаны ұтымды пайдаланушының бірі – Жомарт Шәуенов.
   Еуропалық стандартқа сай лего-кірпіш өндіретін кәсіпкер «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша марапатталды. Одан кейін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің «Алғыс хатына» ие болды.
Кәсіпкерлік бағыттағы әлеуеті зор, нарықты дұрыс бағамдаса жүздеген тұрғынды жұмыспен қамти алатын ЖК «Асем тастың» құрылтайшысы Жомарт Абибуллаұлына аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы құттықтауын жолдап, «Елеулі еңбегі үшін» меделін тапсырып:
– Жаңақорғандық кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік ашылғалы тұр. Яғни, Түркістан облысының нарығына қажетті тауарларды өндіруді жолға қою кежет-ақ. Әсіресе, құрылыс саласына мән берген дұрыс. Мұндай мүмкіндікті «Асем таста» мейілінше дұрыс пайдаланғаны жөн. Себебі, лего-кірпіштер мен төсеме тастардың сапасы жоғары. Оның үстіне, заманауи зауатта 100-ден астам тауар түрлерін шығаруға болады. Сол себепті, көрші облыстың нарығын мұқият зерттеп, тауар түрлерін көбейту қажет, – деді.
Былтыр облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылын» жариялап, кейіннен үш жылға ұзартты. Бір жыл артта қалды. Сыр өңірінде Жаңақорған ауданы белсенді кәсіпкер жөнінде көш басында. Ауылшаруашылық өнімдерін өндейтін шағын зауыттар ашылды.
   Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы жұмыстар қарқын алды. Былтыр облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауданға сапараға келгенінде МЖӘ аясында жұмыстарды жоспарлы жүргізу үшін аудан әкімі Ғалым Әміреев пен «Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» ЖШС басшысы Бауыржан Өтежанмен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Соның нәтижесінде әріптестік шеңберінде 38 жоба ұсынылса, оның 16-ы мақұлданды. Қалағаны бірнеше айда шешімін таппақ.
Сондай-ақ, Zhas Project 68 жоба жеңімпаз атанып, 248 жасты жұмыспен қамтыды. Соның 50-60 бәсекеге қабілеттілігін шыңдап, кәсібін дөңгелетіп кететініне сенім бар.
   Жиынға қатыстан қоғам белсендісі Изатулла Нарзілдаев аудан әкімінің бастамасы халықтың тұрмыстық әлеуетіне бағытталғанын айтып, осы бағыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бізді қызықтырғаны жылда бір форматпен өтетін әкімдердің есептік кездесуі-тұғын.
   – Кент және ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесуін жаңа сапаға көтеретін кез келді. Яғни, есеп бір бөлек, жұмыс бір бөлек болмауы тиіс. Жыл көлемінде нақты атқарылған жұмыстар саралануы тиіс. Мәселен, салық түсімдері, қаржыны игеруі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы атқарылған жұмыстар, кәсіпкерлікті дамытудың бағыт-бағдары (тауар айналымын 2 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлер санын арттыру), баспасөзге жазылуды ұтымды ұйымдастыруы, мерзімді әскерге шақыруды орындау деңгейін қараймыз. Сондай-ақ, алдыңғы есеп беру кездесуінде қойылған ұсыныс-пікірлердің орындалуына қарай әкімдердің жұмысын бағалаймыз, – деді аудан әкімі.
   Бір сөзбен айтқанда, аудандағы жүйелі жұмыстар нәтижеге жетелеуде...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
04 қаңтар 2019 ж. 608 0