«ЖЫЛ КӘСІПКЕРІ»
Жомарт ШӘУЕНОВ,
«Асем тас» ЖШС құрылтайшысы.
Елбасы әр Жолдауын жариялаған сайын шағын және орта бизнес саласын дамытуды тапсырып, кәсіпкерлерге дем беріп келеді. Мұндай қолдау өнім өндірушілердің санын көбейтіп, сапасын арттырып, олардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды. Осыған сәйкес, жаңақорғандық кәсіпкерлер де өтімді тауарларды өндіріп, кәсібінен нәсібін көріп келеді. Әрі, өз ісінің алға жылжу жолында тынымсыз еңбектенуде. Сондай кәсіпкердің бірі – Жомарт Шәуенов аудандағы 2018 жылдың «Үздік кәсіпкер» атағына лайық деп танылды. Оның қарамағындағы «Асем тас» серіктестігі «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме-байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша атанды. Ауданның абройын асқақтатып жүрген кәсіпкер 2015 жылдан бері бетон өнімдері мен тротуарға арналған тастөсемелердің түр-түрін өндіреді. Оған қоса, биылдан бастап, облыста алғашқылардың бірі болып, еуропалық стандартқа сай лего-кірпіш өндіруді қолға алды. Жаңашыл бастамаға жаны құмар азаматты «Жыл кәсіпкері» деп таныдық.