№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды

Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды

    Жол бойы оқып шығу үшін құран кітабын ала шығыпты.
Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды. Қазір Шымкентте жүрген Талғат Жұмабеков бұл жайлы көп уақыттан бері жоспарлап жүрген. Алайда, реті келмеген деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

    Ол велосипедпен Меккеге жету үшін екі ай уақыт кететінін есептеп қойған. Өзімен бірге азық-түлік, фотоаппарат, дәрі-дәрмек, Құран кітабын да алыпты. Жол бойы оқып бармақшы. Бірақ ол өзімен бірге қанша ақша алып шыққанын айтқысы келмеді. «Қасиетті Меккеге велосипедпен бару мен үшін қуаныш. Велосипедім де мұндай ұзақ жолдарға шыдайды. Бұйырса, Меккеге екі ай жүріп барамын. Ақпан айының аяғына қарай жетемін деп отырмын. Ештеңеден қорықпаймын. Тек бір Аллаға сенемін», - дейді шабандоз кісі. Алайда, Меккеге виза аштыру мәселесі біраз қиындықтар туғызғанын айтады. Жақын күнде виза да дайын болады екен. Ер адам продюсерлік орталықта жұмыс істеген. Хореограф та болыпты. Уақыт өте келе дүниежүзін шарлағысы келетінін түсінген. Екі ұлы да әкелеріне қолдау білдіріпті. Өзінің айтуынша, осы уақытқа дейін ол бірнеше мемлекетті велосипедпен шарлап үлгерген.
31 желтоқсан 2018 ж. 1 157 0