№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЛЫШТЫ АТА (САЙД-БУРХАНИДИН)

ҚЫЛЫШТЫ АТА (САЙД-БУРХАНИДИН)


Өте әруақты адам болған. Аңыз әңгімеге қарағанда басына түнеп, перзент тілегендер, кеселденгендер шипа тауып отырған. Қыр Өзгент шаһарынан патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Үлгімағзымның қызына үйленеді. Үйленген соң көп кешікпей, Камалдин Меккеге қайта кетеді. (Әзірет Әлінің ұрпағы) Қылышты ата шеше ішінде қалып қояды. Анасынан туған соң атын Сайд-Бурханидин қояды. Бала ата қолында тәрбие алады. Өскенде аспаннан қылыш пен ақ боз ат түскен дейді. Сөйтіп 1001 бәлеге қарсы тұрып жеңген деген сөз бар.

Бір әңгімеде атасы Үлгімағзым өлгенде орнына патша болған. Сонда уәзірлері мен билерін алдына шақырып алып, әңгіме еткенде қолындағы қылыш күннің сәулесімен шағылысып тұрған кезде қонған шыбын екі бөлініп түсе берген. Оның мәні кімде-кім адал болмаса, осы сияқты жаза алады деген. Міне, осыдан Қылышты ата деп кеткен. Мұның ұрпақтары Жаңақорғанда, Өзбекстанда, Түркістанда бар. Ата кесенесін 1992 жылы Ысқақұлы Есқожа ұрпақтары ұйымдасып соғып, ас берді. Қылышты ата Жаңақорған орталығынан 30 шақырым жерде, Қыркеңсе елді мекеніне 7-8 шақырым, Қыр өзгент пен Қылауыз ата арасында. Ата жөнінде мынадай аңыздар бар. Жергілікті қариялардың айтуы бойынша ата айтқан: «Елге жау шауып қиындық жағдай тап келсе, қасымнан жау келді», - деп түсірлетіп шауып өтсеңдер шығамын деген екен. Міне осы аңызды есіткен есірек ұрпақтарының бірі жеңілдікпен ата мазары жанынан:
– Жау шапты, баба, деп айқайласып өткен. Сонда ата ақ боз атпен қолында найза:
– Қайда жау, қайда жау, – деп жан-жағына алақтап қарап, жалған екенін біліп айтқан ұрпағына налып басын босағаға тимей жаның шықпасын деп қарғап жоқ болған. Міне, сол ұрпақтары осы күнде Жаңақорған мен Түгіскен ауылында. Тағы бір жай: Қылышты ата ұрпағы Омартөреұлы Шайхыдын 1980 жылдары әйелі Нәсипа ұл көрмегендіктен Алладан тілеп, баба басына барып, малын сойып, құран оқытып түнегенде таңата аян берген. Құдай тілегеніңді берді, атын Сыраждин Зияуыды қой, - деген. Міне, сол Шайхыдынның әйелі көп кешікпей екі ұл, екі қыз дүниеге әкелген екен.
29 наурыз 2018 ж. 1 611 0