№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 1-ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АРТАДЫ

1-ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АРТАДЫ


 2019: ЖАҢА ҮМІТ  – ЖАҢА БАҒДАРЛАР

Еліміз өзінің 27 жылдық даму кезеңінде тамаша жетістіктерге жетіп, ерен еңбектің үлгісін көрсете білді. Қай салада болмасын дамудың, өркениетке жетудің игі қадамдары жасалды. Төрткүл дүние мойындаған қуатты мемлекетке айналдық. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды басты назарға алып, зейнетақы, жәрдемақы сынды мемлекеттік төлемдердің көлемін ұлғайтуға пәрмен береді. Әрі бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысын жоғарылату жөніндегі тапсырмасы тағы бар. Енді міне, санаулы күндерден кейін, яғни 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда бірқатар Заңдар күшіне енеді. Осы тұста, келер жылы қазақстандықтардың өмірінде болатын елеулі өзгерістерді тізбектеп көрсек. Күшіне енетін заңдар халықтың тұрмыс сапасының артуына қаншалықты әсерін тигізеді? "Жаңақорған тынысы" газетінің журналисі осыны сараптады. Белгілісі, әлеуметтік төлемдердің басым бөлігінің көлемі ұлғаяды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың тұрмысының түзеліп, тіршілігінің тіктелуіне септігін тигізеді.
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АРТАДЫ
Президент Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыруға пәрмен берген болатын. Олардың құқықтарын қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын жақсарту – күн тәртібінде. Жақсартып қана қоймай, әлеуметтік төлемнің көлемін ұлғайтуды да басты назарда.
2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап І-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы биылғыдан 2715 теңгеге өсіп, 57 021 теңге болады. Ал, ІІ-топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2163 теңгеге артып, 45 438 теңге болса, ІІІ-топ мүгедектердің алатын көлемі 30 886 теңге немесе биылғымен салыстырғанда 1470 теңгеге артады. Оған қоса, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы да аздап өседі. Мәселен, әкесі немесе шешесінен айырылған толық емес отбасылар бір бала үшін 25541 теңге яғни, қазіргімен салыстырғанда 1200 теңгеге көп көмек алады деген сөз. Ал, бала кезінен І-топ мүгедегін тәрбиелеп не күтім жасап отырған отбасылардың жәрдемақысы 1484 теңгеге ұлғаяды. Әрине, мұның өзі азда болса, көмек. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдау.
Мұнан бөлек, І-топ мүгедек баланың күтіміне және оның асырауына байланысты 2018 жылда жәрдемақы мөлшері 29698 теңгені құраса, жаңа жылдан бастап 31183 теңгеге көбейеді.
Сондай-ақ бала туғанда берілетін бір реттік төлем 4,5 мың теңгеге өседі. 2018 жылы бір реттік берілетін жәрдемақының көлемі 91390 теңге болған болса, келер жылы 1-қаңтардан бастап 95 950 теңге болады. Жаңа жылдан бастап 4 баланы босанған аналарға да бір реттік жәрдемақы 151 515 теңгеден 159 075 теңгеге немесе 7560 теңгеге көбейеді. Бұл өз кезегінде жас босанған келіншектерге бір қорап жасанды жөргек алуына көмек.
30 желтоқсан 2018 ж. 1 035 2

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 13:33
Fedex Shipping Zentel Cheapest Cialis Dosage 20mg Price Do You Need A Prescription For Propecia cialis canada Purchase Doxycycline Price Cephalexin 500 Mg Information

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 09:02
Zithromax Rash Pictures Cause Of Amoxicillin Allergy order cialis online Generic Viagra Sold In Canada Propecia Hair Loss Treatment For Men