№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Серік МҰСАБАЙ: Халық әлеуетіне екпін береді

Серік МҰСАБАЙ: Халық әлеуетіне екпін береді

   Елбасы Н.Назарбаев әр Жолдауында озық елдер қатарына қосылудың жолын нұсқап, бәсекеге қабілетті ұлт ретінде қалыптасудың бағдарын ұсынып келеді. Бұл жолғы Жолдауы да халықтың әл-ауқатын арттырып, «Мәңгілік Елге» айналудың бағыт-бағдарын көрсетті.
Стратегиялық құжатта Тәуелсіздік жылдары ғасырға бергісіз бастамалар атқарылғаны сөз болды. Яғни, ТМД және Орта Азия елдері арасында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болды. Халықтың саны 17 млн-нан асып, өмір сүру 72,5 жасқа ұлғайды. Шағын және орта бизнес саласы нығайып келеді.
Жалпы, Жолдауда әрбір көтерілген мәселе өзекті әрі орынды. Мәселен, халықтың тұрмыстық деңгейі ең алдымен еңбекке сүйенгенде артады және кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты.
Мемлекет басшысының Жолдауында мынандай нақты бағыт-бағдарлар қолға алынып, іске асады.
Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру тапсырылды.
Екіншіден, бюджеттік мекеме қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызды құрайтын болады.
Үшіншіден, Жолдаудың төртінші «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігі айтылды. Бұл ұстаздар қауымының енсесін тіктеп, адами капиталды шынайы дайындауға мүмкіндік беретін бастама.
Бұл Заңда мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игілікті істер қарастырылған. Яғни, мұғалім жүктемелерін азайту, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалау тиіс делінген.
Енді ұстаздар қауымы қоғамдық жұмыстардан арылып, өзінің негізгі білім беру, тәрбиемен ғана айналысатын болады. Бұл бізді қуантады, ұстаздың абыройына нұқсан келмейді. Өзінің қоғамдағы ең құрметті адам екенін сезінетін болады. Абырой-беделі көтеріледі.
«Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі әрі саяси кеңесінің мүшесі ретінде Жолдауда көтерілген басымдықтардың толық орындалуы тиіс деп санаймын. Сонда халықтың әлеуеті артып, бәсекеге қабілетті болады.

Серік МҰСАБАЙ,
ардагер ұстаз,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.
01 қараша 2018 ж. 1 112 0