Ресейден қайтып келе жатқан 37 Өзбекстан азаматы аударылды
Кеше 20.20 шамасында «Шымкент-Самара» автожолының бойында Арал қаласының маңында «Шымкент-Новосибирск» бағытында қатынайтын Ресейден Өзбекстанға бара жатқан автобус аударылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Автобус ішінде Ресейден қайтып келе жатқан 37 Өзбекстан азаматы болған. Зардап шеккендерге көмек көрсету және ауруханаға апару мақсатында Арал ауданының әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері оқиға орнына шықты. Онда арнайы қызметтердің 10 бірлік техникасы жұмыс істеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, 2 адам ауруханаға жеткізілді, олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Бір жолаушы аудандық ауруханада ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.
17 жолаушы Арал ауданы әкімдігі қызметкерлерінің көмегімен жол бойындағы қонақ үйге орналастырылды. Қалғандары өз бетінше Новосибирск қаласына жолға шыққан.