Құт қонып, қыдыр Дарыған Қыркеңсе
Әрине, уақыт жаңара келе, үкілі үміт үлгілі үрдіске ұласары, қиындықтың да артта қалып, қол еңбегін толықтай техника алмастырып, талай орындалмай келген арманның тұсауы кесіліп, алыс көкжиекке қыр асары рас екен. Оған қыркеңселіктердің бүгінгі алған асу, шыққан биігі дәлел.
Бүгіндері ауыл халқы қолда бар басымдықтарды еңсеріп, өзіндік орнықты әлеуметтік өсу және жұмыспен қамту моделіне сүйене отырып, жүйелі жаңаруға бет түзеген.
Округте 1987 халық бар. 1 мектеп, 1 мемлекеттік балабақша, жеке бөбекжай, шағын орталық жұмыс жасайды. Мектепте 450 дей шәкірт білім алуда.
Ауылда шаруа қожалықтар саны 42 болса, оның дені егін және мал шаруашылығымен айналысады. Дара кәсіпкерліктің көшін бастап тұрған «Бекарыс агрофуд» ЖШС-нің төрт түліктің басын асылдандыруға түгелдей ден қойған батыл бастамасы түпкі нәтижесін тапты. Қазір шаруашылық қарамағында 324 ірі қара, 294 жылқы малы бар.
Жалпы ауылдағы шаруа қожалықтарында (фермерлерде) 2322 мал басы бар, оның ішінде ірі қара саны 1732, 733 жылқы, 7723 қой-ешкі, 115 түйе бар. Жеке жұртшылықтың иелігінде 1019 ірі қара, 349 жылқы, 1000-ның үстінде қой-ешкі, 23 түйе, 1296 құс бар екен.
Егін шаруашылығына келсек, Қыркеңсе ауылдық округінде биыл 916 гектар жерге күріш себіліп, әр гектарынан 50 центнерден 4580 тонна өнім жиналды. Күздік бидай 321 гектар аумаққа егіліп, гектарынан 25 центнерден келіп, 802 тонна өнім алынды. Сонымен қатар тары, жүгері, мақсарыдан межедегідей өнім алынды. Бақша өнімдерінен барлығы 1050 тонна, көкөніс дақылдарынан 200 тонна жеміс жиналып, ел ырыздығын арттырып, диқан қауымның еңбегін ақтады.
Ел халқы алты ай жаз күтіп – баптаған өнімін жиып-теріп, қамбаға құйып, маңдайының терін сүрткен мамыражай шақта ауылға ат басын тіреп, кешелері «Алтын күз» мерекесінде «Үздік ауылдық округ» номинациясын иеленген аймақтың тыныс-тіршілігімен танысуды ұйғарған едік. Барған бетте бағытымызды «Мырзабай» шаруа қожалығы аумағына бұрдық. Өйткені Әбсаттар Мырзабаев басшылық ететін бұл танап қазығын терең қадаған, қанатын ерте жайған, ауыл халқының жүрегіне ерекше ыстық, талапты іс бастағандардың тірегі іспеттес, тәжірибе тарихы қалыптасқан шаруашылық. Елдің қай азаматымен сұхбаттаса қалсаңыз да Мырзабаев Әбсаттардың қайырымдылығы, қамқорлығы жөнінде естіп қаласыз. «Елде болса ерінге тиеді» дегендей, мұндай жомарт азаматтардың жолы болуына сондықтанда жұртшылық тілектес болып жүреді.
«Мырзабай» шаруа қожалығы қарауында 450 гектардай жерге егін егіп, жылда дәннен тау тұрғызып жүр. Кейін кәсіпкер аға мал шаруашылығына да түбегейлі бет бұрды. Қазірде фермер жамбылдық қара ала сиыр тұқымынан 80 бас малды бордақылау алаңына қойып, күтім-бағымымен қатар 200 сауын сиырдан сүт өндіріп отыр. Оны аудандағы май зауыты тендер арқылы мекемелерге таратуда.
Бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастыру, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау бағытында жыл басынан бері ауылдық округ бойынша «Өңірлік инвестициялық орталығынан» 3 шаруа қожалығына мал басын көбейту бағытында 11 млн теңге несие берілсе, «Қамқоршы» кредиттік серіктестігінен 2 шаруа қожалығы 1 млн 900 мың теңге несие алды.
Ауылда «Агро-Сервис» ЖШС 600 гектар жерге күріш, бидай, жоңышқа егіп, мол өнім алды. Қазірде қожалықта 40 адам жұмыспен қамтылған
Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру мемлекеттің жеке азаматтарымен күш біріктіруі нәтижесінде оңды нәтиже берері хақ. Осы орайда ауылда ілкімді істер көп, атап айтқанда 36 дара кәсіпкер болса, аралас заттар дүкені, жүк тасымалы, омарташы, монша қызметі, шаштараз ауыл халқына қызмет көрсетуді өз дәрежесінде үйлестіріп келеді.
Ауыл жолдары тақтайдай тегіс, көше бойында жаңа тұрғын үйлердің жағалай көзге түсуінің өзі халық табысының өсуіне негіз қалаған кәсіп көзінің көптігінен хабар береді. Яғни адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік алады. Ал оған лайықты қолдау көзі бізде жеткілікті. 2010 жылдан бастап елімізде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы іске қосылды. Елбасы кешегі жариялаған Жолдауында бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды табыстады.
Елдің бағының жануы – білімді ұрпаққа байланысты. Бұл орайда атамекеннің төл перзенттері туған жер туын тік көтеруде табанды тер төгіп келеді. Ауылдағы №213 мектептің мерейін биіктетіп келе жатқан тәлімгерлердің дені осы елдің өз азаматтары. Қалдыбай Елемесов басқаратын №213 орта мектебі аудандағы 10 үздік білім ордасының бел ортасынан саналады. Білімгерлер Нығметуллаева, Оңласын Бексұлтанова «Алтын белгі» иегерлері болса, Жанна Сейтомар «Үздік аттестатты» иеленді. Ұстаздар ұжымы орта білім беру жүйесінде белгіленген жаңаша тәсілдерді жетік меңгеруге талпынуда, 34 мұғалім арнайы курстарда білімін жетілдіріпті.
– ҰБТ-да жоғары көрсеткішке кешенді дайындық арқылы қол жеткізіп келеміз.
Бұл жұмыстарда үздік пән мұғалімдері Дәнембаева Гүлназ, Ақмарал Абдраманова, Әнипа Ержанова, Нәзипа Қаржауова, Бауыржан Әкімбаев, Нұргүл Мейірманов сынды ұстаздардың еңбегі айрықша.
Білім негізі – бастауышта, бұл орайда Мәриям Ахметова, Зағипа Мейірманова сынды ұстаздар ұжымның беткеұстары.
Биылғы оқу жылында 15 оқушы тест тапсырса, 9-ы грант иегері атанды, 6 оқушы ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсті. Ауыл түлектерін мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеуде кәсіби зерттеу жүргізіледі, – дейді мектеп директоры бейіндік істер жөніндегі орынбасары Рақымжан Әблеметов.
Құтты мекенді өзге ауылдардан өзгешелеп тұратын бір құндылығы бар. Ол – ат спорты. Қыркеңсенің көкпаршы азаматтары облыс командасын ұстап тұр. Елді мекенде, учаскелік инспектор жанында ерікті сақшыларды құрайтын осындай азаматтардың да арқасы болар, бәлкім, ауылда ұрлық-қарлық жоқ, қылмыс тіркелмеген. Қазақтың төл сайысы – қара күш пен қайсарлықтың тартысында қанжардай қайралып шыныққан қырандар қарапайым өмірде де өр де өжет, сөзге емес, іске мығым, өңшең өз өзіне сенімді алайтөс азаматтар. Мұндай азаматтарға қашанда арқа сүйеуге болады.
Қыркеңседен осындай көңіл-күймен, тасып оралдық.
Баян ҮСЕЙІНОВА.